«Қалыңмалы 50 млн теңге». Қазаққа келін болған тай қызы ислам дінін қабылдап, қазақ тілін үйреніп жүр (видео)
Тайландтық қыз Түркістан облысындағы қазақ отбасында келін болып жүр. Жігіттің ата-анасы діні басқа, тілі басқа аруды әу баста өзге елдің қызы деп қабылдағылары келмегенімен, қазіргі таңда ризашылықтарын білдіретіндіктерін айтты. Бұл туралы «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды. Рахат Әнапия есімді қазақ жігіті ата-анасына тайландтық қызға қайтсем де үйленем, болмаса ешқашан үйленбеймін деп шарт қойған. Жігіттің ата-анасы уақыт өте өз шарттарын қоя отырып, келісімге келгенін жасырмады. Шарттың ең әуелгісі мұсылман дінін қабылдау болған. Содан соң қазақ салт-дәстүрін толықтай ұстану...