"Он төрт сиыр, он екі бие сауатынмын": Қазақ азаматына тұрмысқа шыққан корейлік әйел ауылдағы тұрмысы мен қазақ тілін үйренуі жайлы айтты
Элла Ким қазақ ер азаматына тұрмысқа шыққан корей ұлтының өкілі. Осыдан 40 жыл бұрын бір ауыз сөз қазақша білмей, қазақ салт-дәстүрінен хабары жоқ қалыпта қазақ ауылына келін болып түскен. Қарағанды облысы Бидайық ауылына тұрмысқа шыққан Элла бүгінде үш бала мен немерелер тәрбиелеп отыр. Айтуынша, бастапқыда өзінің әкесі де, жұбайының анасы да некелеріне қарсы болған. Соған қарамастан, кейіпкеріміз енесінің тілін тауып, батасын алған, барған жеріне судай сіңген. Stan.kz тілшісі Элла Киммен сұхбаттасып, қазақ және корей халқының дәстүрлерінің ұқсастықтары, ең алғаш келін болып босаға аттағанда...