"Шай алуға ақшам жетпеді". Блогер ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеп, эксперимент жасады
Баспана алу және басқа да түрлі әлеуметтік мәселені жазатын блогер Дәулет Төлеутайұлы елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеп, эксперимент жүргізді. Ол азық-түлік алуға есептелген қаражаттың жетпей қалғанын айтады. Блогер Tengrinews.kz тілшісіне эксперимент нәтижесі туралы баяндады. Дәулет Төлеутайұлы мұндай экспериментті не үшін жасағанын түсіндірді. "Өзім экономист болған соң әр нәрсені санап жүруді әдет қылғанмын. Таяуда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (Біржан Нұрымбетов - авт. еск.) елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің алдағы уақытта өспейтінін айтқан. Яғни, ол 32 668...