Төл сөз үшін де, кірме сөз үшін де бірыңғай емле жасалу керек. Тіл үйренушілерге ескертпе...
Ағылшын, француз, неміс, тіпті орыс тілі де осы күнге дейін басқа тілден келген сөзді өз тілінің айтылуына бағындырып, жұтып жіберетін «темір» заңдылығын мығым сақтау арқылы әлеуетті алпауыт тілге айналып отыр. Бұл тілдердің орфографиялық сөздігінде «шеттілдік сөздерді жазу ережесі» деген арнайы тарауша да кездестірмейсіз. Өйткені ол тілдер шеттілдік сөздерді жазуда өз сөйлеу тілінің табиғатын ғана пайдаланады, яғни кірген сөздерді тырп еткізбей, өз тілінің дыбысталуына бағындырып айтылуы бойынша ғана жазады. Демек, бұл тілдерде төл сөзі үшін де, кірме сөз үшін де бір ғана емле жасалған....