Қазақ аруын батысшыл бәйгеге емес, World Muslimah байқауына қатыстыру керек
Біз әлемдік өркениеттен ұлттық бет-бейнемізді іздеп, өзіндік сара жолға түсудің жол айырығында тұрмыз. Осы бағытта «Бар болуымыз да, бордай тозуымыз да» өз қолымызда. Қазақ аруларының батыс пен шығысқа қатысты өз ұстанымы болуы турасында Еланасы Зейнеп Ахметова «Батыс келіп жалаңаштап, Шығыс келіп тұмшалады» деген болатын. Қазақ ділімен сорпасы қосылмайтын орыс тілді ақпарат пен билік биылғы «Қазақстан аруы – 2019» байқауына үнді мен қытайдан туристер келіп, ел қазынасына ақша түсіреді деп жатқан жыланның құйрығын басып елді бір дүрліктірді. Мұсылман мемлекеті болып саналатын Алаш жұртты...