Күркетауық бағып, 23 жасында Gelandewagen мінген жігіт (фото)
Бақыт Кенжебаевты Шымкенттен 25 шақырым жерде қыр басында жолықтырдық. Жеті жылдан бері жапан далада жалғыз өзі күркетауық бағып, шағын кәсібін дөңгелетіп отыр. – Шымкенттегі Бауыржан Момышұлы атындағы №44 мектепте білім алдым. Жақсы оқыдым. Қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылатынмын. 9 сыныптан кейін ата-анам білімімді ары қарай колледжде жалғастыруымды қалады. 2011 жылы автоматтандыру және басқару мамандығын бойынша қызыл диплом алдым, – дейді Бақыт. Бірақ талапты жас бірнеше мекеменің есігін қағып жұмыс іздегенімен, мамандығы бойынша «екі қолға бір күрек» табыла қоймайды. Бәрі алдағы...