Экологиялық сауат ашу: Жердегі тіршілік үшін судың маңызы қандай? Экожүйе деген не?
Экологиялық сауат ашу: Жердегі тіршілік үшін судың маңызы қандай?  Экожүйе деген не?

Су екі әріптен тұрса да тіршіліктің ең маңызды қажеттілігі. Судың маңызы туралы барлығы бірдей біле бермейді. Су сутегімен оттегінің қарапайым қоспасы. Су қарапайым екі атомның қосындысы болғанымен, жердегі бүкіл тіршілік иесінің тарауына және дамуына үлкен әсері бар. Ғалымдар басқа планеталарды зерттегенде тіршіліктің бар екенін білу үшін суды іздейді. 

Су арқылы қазірге дейін кеме қатынасы аса маңызды жүк тасымалын реттейді. Мысалы, Христофор Колумбтың Американы ашуы. Біраз ізденістерінің нәтижесінде Христофор Колумб өзінің Үндістан мен Қытайға апаратын теңіз жолын іздеу сапарын Африканы айналып жүретін шығыстан емес, әлі зерттелмеген, Атлант мұхитын басып өтетін батыстан бастау керек деп шешті. Ол Жердің шар іспетті екенін білетін-ді. Егер олай болса, Батысты бетке алып жүзе берсе, қайткен күнде де Үндістаннан барып шығатынын жорамалдады. Оның бұл жоспары ол кезде «ақымақтың ісі» саналатын. Әлі ешкім сырын білмейтін мұхит арқылы кіп-кішкентай кемесымақпен жүзіп өтемін деу шынында көзсіз ерлік еді. Ұзақ жылға созылған қиындықтардан кейін, ақыры Колумб алтын мен жаңа жер байлығына құштар испан корольдерінің назарын аударды.

Су арқылы тазалық қамтамасыз етіледі. Табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлар, тіпті адам, жаратылыс біткен судың әсерімен тіршілігін жалғайды.  Жер беті жағдайында тек су ғана 3 күйде кездеседі.Сондықтан ол Жер бетіндегі географиялық қабықтарының барлығында кездеседі. 

Су — жақсы энергия ақпараттық сақтаушыларының бiрi. Ол адам бойындағы энергияны өзіне сіңріп алатындығы ғылыммен дәлелденді.

Су – тіршілік нәрі. Ғалымдардың айтуынша, адам организмі 65 пайыз судан тұрады екен. Судың адамның денсаулығына тигізетін пайдасы мен маңызы өте үлкен.

Адам организміндегі судың “міндеттері” мыналар:

– дене температурасын реттейді;

– адам терісіне оттегі мен қоректік заттар тасымалдайды;

- тамақты энергияға айналуына әсер етюді;

- қоректік заттардың керекті органдарға жетуге көмектеседі;

– адам организмінде жиналған қалдықтар мен шлактардың шығуына әсер етеді.

Тұщы таза су – байлық Жер шарындағы барлық судың 2% ғана тұщы, ал қалған  88 % кермек су.  Тұщы суды тек адамдар ішу үшін ғана пайдаланады.     

Ауызсу – ішуге жарамды су. Дүние жүзінде тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді, сондықтан әлемде ішуге жарамды ауызсу тапшылығы өзекті мәселеге айналды.  Табиғи тұщы су көздерін таза ұстау, оны ластамау, тиімді пайдалану қажет.

Қала тұрғыны тәулігіне орташа  есеппен  150 л. жуық, ал ауыл тұрғыны  55 литрге жуық су жұмсайды екен. Сондықтан қазірде суды үнемдеу басты назарда. Жаңбыр суын ауыз суға жарамды ету, мұхит суын өңдеуге тырысу секілді ғылыми ашылулардан тыс та үнемшілдік керек. Ол үшін күнделікті тұрмыста суды ысырап етуді тыіған жөн.

Экожүйе деген не?

"Экожүйе" ұғымы ("экологиялық жүйе" тіркесінің аббревиатурасы) ғылыми әдебиетке өткен ғасырдың 30-жылдарында ағылшын ботанигі А.Тенслидің ұсынуымен кірді.

Бұл термин тірі организмдердің жиынтығынан және олардың тіршілік ету ортасынан тұратын биологиялық жүйені білдіреді. Бұл екі компонент үнемі өзара әрекеттесіп, қоректік заттар мен энергия алмасады.

Экожүйе – тірі  организмдер мен олардың тіршілік ету ортасының функционалды бірлігі. Экожүйеге белгілі бір географиялық аймақтағы тіршілік иелері және олар араласатын орта кіреді. Бұл типі мен мөлшері жағынан ерекшеленетін функционалды жүйе.  

Экожүйенің негізгі сипаты – оның шексіздігі. Абиотикалық және биотикалық факторлар жер және су экожүйелеріне тиімді.

Қоректік заттардың абиотикалық факторларына су, оттегі, жарық, жылу, қоршаған қышқылдық, топырақ пен минералдар, климаттың жансыз элементтері жатады.

Биотикалық факторлар, екінші жағынан, тірі жаратылыстарды экологиялық сыныпқа сәйкес өндіруші, тұтынушы және ыдыратушы ретінде үш класта қарастырады.

Экожүйелерді жіктеу бірлігі— табиғи аймақ немесе белгілі бір климаттық жағдайлары бар аймақ және өсімдіктер мен жануарлардың басым түрлерінің тиісті жиынтығы.

Ерекше экожүйе - биогеоценоз-біртекті табиғи құбылыстары бар жер беті.

Биогеоценоздың құрамдас бөліктері климатоп, эдафотоп, гидротоп (биотоп), сондай-ақ, фитоценоз, зооценоз және микробоценоз (биоценоз) болып табылады. Азық-түлік алу үшін адам жасанды түрде агроэкожүйелер жасайды. Олар табиғи төмен тұрақтылық пен тұрақтылықтан ерекшеленеді, бірақ, өнімділігі жоғары.

Экожүйелердің түрлері

Экожүйелерді әртүрлі сипаттамаларға сәйкес жіктеуге болады. Егер кеңістіктік масштабтан шығатын болсақ, онда бұл:

*қарапайым (төменгі деңгей) - ағаш, тоған, құмырсқа;

*жергілікті (орта деңгейдегі) – орман, өзен, көл;

*аймақтық (жоғары деңгей) – Мұхит, материк, тайга, джунгли және т. б.

 Oinet.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
4 жыл бұрын 5190
0 пікір
Блог туралы