Құрт сатып, отбасын асырап отырған көп балалы ана тәулігіне үш-ақ сағат ұйықтайды (фото)
Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын ғана ауылда тұратын Нарбибі Бәйтенова 22 жылдан бері құрт бизнесін дөңгелетіп отыр. Өзгелер секілді үлкен цех ашпаса да, қорасындағы алты сиырын сауып, оны айран етіп ұйытып, шыққан сүзбеден құрт жасап нәпақа тауып келеді. Бір ерекшелігі, 55 жастағы тұрғын тәулігіне үш-ақ сағат ұйықтайды, деп хабарлайды Baq.kz-тің өңірдегі тілшісі. Нарбибі Бәйтенова Қазығұрт ауданына қарасты Жаңабазар ауылында туған. Мектепті бітірген соң жоғары оқу орнына түсе алмаған ол, ата-анасына үй шаруасында қолғабыс болады, 21 жасында көршілес жатқан Еңбекші ауылына келін болып...