Айналаға балаңның көзімен де қарай біл, ата-ана!
Барлық хайуанаттар өзі қалай өмір сүрсе ұрпағын соған үйретеді. Марғау мысықтың құйрығымен ойнайды. Күшік итпен алысып ойнайды, бұл не үшін? Зоологтардың зерттеуінше, марғаудың мысық құйрығымен ойнауы оның кейін тышқан аулау қабілетін дамыту үшін, ал күшіктің итпен «алысуы» кейін түз тағыларымен алысуға, ұстап жеуге дайындығы екен. Қасқыр бөлтірігін желкесінен тістелеп «таласуға» баулиды. «Түйе баласын қарпып сүйеді». Бала психологиясы саласында зерттеу жасаған көптеген ғалымдардың бір тұжырымы мынаған саяды: Көп ата-ана баланы шектеуді және үйретуді біледі, тәрбиелеу жағынан ақсап жатады....