Түріктің мазары қандай, қазақтікі қандай?
Осы көктемде Түркияда бір таныс түрік бауырымыз дүниеден озып, жаназасына қатыстым. Жаназасынан кейін жерлеуіне де бардық. Сол кезде Түркияның мазарларын алғаш араладым. Аралап жүріп, қазақтың мазар салу мәселесінде қаншалықты шектен шыққанын байқадым. Біздегі мазарларды аралап жүрсең, небір көз жауын алар зәулім «сарайларды» көресің. Тіпті, сол мазардың ішіне өзің көзің тіріңде барып орналасып алғың келеді. Себебі, ондай зәулім «бейіт» (бейіт (بَيْتٌ) арабшада «үй» деген мағынаны береді) сенде жоқ. Несін айтасыз, қабір басына ескерткіш орнатып тастағандар да бар ғой. Жалпы, бұның бәрі...