Қайнамаған шәй
Қайнамаған шәй

Алғаш келін боп түскенде сол елдің көршілері үйге құтты болсын айтып келді.. Келін қолынан шай ішуге келіпті.( Өмірдегі бірден-бір кемшілігім осы шай құю. Сол жағынан сəл олақтаумын. Олақ емес те едімғой. Олақ еткен адамдар. Əр өңірдің шай құю əдісі əр қалай сияқты. Қыз кезімде үйге Қызылордадағы туыстарым келсе шайды неге аз құясың. Əлде қызғанып отырсыңба құйсай толтіреп- толтырып деп ұрсып кететін. Содан кейін тағы біреуден сөз естіп қалмайын деп толтырып құйып жүргенмін.Өзбекстаннан келген əпкем ұрсып кетті бір күні. Шайды толтырып құймайды. Құдық деп ойлаппа едің əлде жақтырмай жүрсіңбе?? Құй аз-аздан. Сосын қайтадан аз құюды үйрендім. Біреуі не мына шайың шай емес аппақ бір бəле, аттың зəрін құйып жатырсыңба, қызартып құй десе бірі не шипр қылып қызартып жібергенсің? норкоман деп ойладыңба деп сөйлеп тастайтын. Үйтіп құй, бүйтіп құй дей берсе өзің де істегелі отырған ісіңнен жаңылып жалтақ болып қалады екенсің.) Содан не керек келіннің қолынан шай ішуге келген ауылдастарға кесені толтырмай, қызылкүрең шайымнан пыс- пыс етіп құя бастадым. Екі айналдырып құйғаннан кейін шайнегімнің түбі көрініп қалды. Қайтадан газға шай қойып, сəлден кейін келіп қарасам, газ таусылып , шəйнегім ысылдаған күйі қайнамай қалып қойыпты. Ана жақта атам келін шайыңнан əкел деп қысып бара жатқан соң, газ бітіп қалыпты деп айтуға ұялып, қайнамаған шайді демдеп үндемей ғана сызылып құйып отыра бердім. Білмей қалады деп ойлағанмынғой. Əй келін мына шайыңнан бу шығып тұрған жоққой деп төрдегі қатын тарс ете қалғанда ұялғаннан жерге кіретін тесік таппай шайнек құлағын сары апама ұстатып өзім ол жерден жоқ болдым.

Қызылорда жақта болса керек. Келінге үлкен гүптің құлағын ұстатып қойып, келіннің шай құю əдісін сынап шай ішеді екен. Егер мені дəл солай сынаса сан көздің сынағынан қысылып, кеседегі шайды адамына жеткізбей. төгіп- шашып масқара болатын шығармын. 

Салтанат Бек

facebook.com парақшасынан 
 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 жыл бұрын 5135
0 пікір
Блог туралы