Үйде емделіп жатқан пневмониясы бар науқастар дәріні тегін алады
Үйде емделіп жатқан пневмониясы бар науқастар дәріні тегін алады

Өкпесі қабынғанымен ауруханаға жатпаған науқастар дәріні тегін алуы тиіс. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.

Оның айтуынша, қолданыстағы тізімге сәйкес, Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар ЖРВИ, тыныс алу жолдарының өткір аурулары, ауруханадан тыс өкпе қабынуы кезінде, ал ересек адамдар ауруханадан тыс өкпе қабынуы кезінде тегін амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі тиіс.

«Бұл дәрі-дәрмектерді учаскелік дәрігер жазып береді және ол бақылаушы орган қанша препарат, кімге жазылып берілгенін көріп отыруы үшін ақпараттық жүйе арқылы өтеді», - деді вице-министр.

Людмила Бюрабекованың айтуынша, бүгінде еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты барлық өңірде мұндай дәрі-дәрмекті учаскелік медбикелердің үйге жеткізіп беруі ұйымдастырылған.

«Бұл препараттарды мобильді бригадалардың да жеткізіп беруі жоспарланған. Дәрігер тегін қамтамасыз етілетін мұндай препараттарды жазып бергенімен, пациент дәріханадан барып алатын жайттар болып жатса, онда мұндай фактілерді бізге хабарлауды өтінеміз. Шара қолданатын боламыз», - деді вице-министр.

COVID-19 белгілері аз болған жағдайда қалай емделу керек?

COVID-19 белгілері аз болған жағдайда вирусқа, бактерияға және тромбқа қарсы препараттар қажет емес.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте медицина ғылымдарының докторы, жоғары санаттағы дәрігер Раушан Қарабаева мәлім етті. 

«Мұндай науқастар емдеу-қорғау режимін ұстануы керек, дұрыс тамақтанып, жиі су ішеді, С, Д дәрумендерін қабылдайды, дене қызуы көтерілген жағдайда оны төмендететін препараттар – парацетамол және ибупрофен қабылдайды. Сонымен қатар, бүйрек аурулары бар науқастар, әсіресе, бүйрегінда тасы бар адамдар КВИ кезінде С дәруменін қабылдағанда сақ болуы керек», - деді маман.

Р.Қарабаеваның айтуынша, дене қызуы 38С жоғары көтерілгенде, интоксикацияның айқын белгілері (бұлшық еттің ауруы, әлсіздік, бас ауруы, жөтел, кеуде қуысының ауыруы) болған жағдайда, оның асқынуына, яғни пневмонияға ауысуына жол бермеу керек. Ол үшін кеуде қуысы органдарын рентгенге түсіреді немесе компьютерлік томография жасайды.

Ескерту: этиотроптық емдеу кезінде вирусқа қарсы препараттар тағайындалады. Қазіргі кезде лопинавир/ритонавир, гидроксихлорохин, фавипиравир және ремдесевир сияқты дәрілерді қолдану ұсынылған. Айта кетейік, бұл дәрілік заттардың гепатоуытты және кардиоуытты жанама әсерлері бар, яғни бауыр мен жүрекке жағымсыз әсерін тигізеді. Осыған орай, бұл препараттарды аурудың белгілері аз болғанда бақылаусыз қабылдау аса қауіпті болып табылады.

nege.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
4 года назад 2300
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир