Дәрігер пневмония кезінде не істеуге болмайтынын айтты
Дәрігер пневмония кезінде не істеуге болмайтынын айтты

Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова вирустық пневмониямен ауырған кезде антибиотиктерді шектен тыс қолданбауға кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мүмкіндікті пайдаланып айтып қалайын. Антибиотиктер вирусқа әсер етпейді. Антибиотиктер - вирустың көбейіп кетпеуіне жол бермейтін препараттар. Себебі, COVID-19 - вирустық ауру. Сондықтан антибиотиктерді тағайындаудың мәні жоқ. Әсіресе, профилактикалық мақсатта", - дейді профессор орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Осы орайда Сәуле Қасенова науқастар қандай дәрілерді пайдаланып жатқанына тоқталды.

"Олар антибиотиктерді пайдаланып жатыр екен. Себебі, олар бір жерден естіген немесе біреу айтқан. Кеше маған бір науқас келді. Ол антибиоктің 2 түрін қабылдап жүр екен. Науқас дәрілерді белгілі бір әдіспен ішіп, оны қайталаған. Мұны істеудің қажеті жоқ. Өйткені, бауырыңызға артық салмақ түседі", - дейді медицина ғылымдарының докторы.

Дәрігер пневмония кезінде антибиотиктерді шектен тыс қабылдамауға кеңес берді.

"Дәрігер ретінде айтайын, атипиялық пневмонияны антибиотиктермен емдеу дұрыс емес. Оны ішудің қажеті жоқ. Антибиоктермен емдеуге басымдық беруге болмайды. Вирустық пневмонияны емдеудің бұл әдісі сізді дерттен айықтырмайды. Егер сізге антибиотик тағайындау қажеттілігі туындаса, оны дәрігер-терапевт немесе пульмонолог-дәрігер шешеді. Оның арнайы көрсеткіштері бар", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы пневмониямен ауырған науқастарда неге демікпе пайда болатынын түсіндірген еді.

Пневмониясы бар науқастар неге демігеді? Дәрігер түсіндірді

Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова коронавирус пандемиясы кезінде пневмониясы бар науқастарда неге ентікпе пайда болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Профессор қазақстандықтарға өте сақ болуға кеңес берді.

"Елімізде коронавирус инфекциясының өршуі вирустың тез таралуымен байланысты. Пульмонолог дәрігер ретінде өкпенің зақымдануына назарларыңызды аударғым келеді. Себебі коронавирус кезінде өкпеге зақым келеді. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясы кезінде пневмония өршіп тұр. Оның себебі, вирус төменгі тыныс алу жолдарын жай зақымдап қана қоймайды", - дейді медицина ғылымдарының докторы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда дәрігер кейбір науқастарда коронавирус ринит, фарингит ауруларын қоздыратынын жеткізді.

"Егер вирус төменгі тыныс алу жолдарына түссе, пневмония пайда болады. Алайда, аурудың морфологиялық картинасы оның әдеттегі пневмония емес екенін көрсетеді. Мұнда геморрагиялық синдром байқалады. Өкпенің тамырлары, қыл тамырлары (капилляры) қабынады, қан қоюланады. Сондықтан науқастарда ентікпе пайда болады. Оларға ауа жетіспейді. Күрделі жағдайда науқаста өткір респираторлы дистресс синдромы пайда болады. Дәрігерлер оларды тыныс алдыру аппаратына қосуға мәжбүр", - деді Сәуле Қасенова.

Даурен Ерболат

Фото: avestnik.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
4 года назад 2142
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир