Мадақтаудың жадқа әсері қандай?
Мадақтаудың жадқа әсері қандай?

Жад көбінесе сыртқы және ішкі контекстке байланысты ақпар сұрыптайды. Адам жадында тек мән берген мәліметтер сақталады. Адамдар мадақтауға неліктен аса мән береді?

Адам эмоциясы жақсы-жаман деп қана емес, ақпараттардың жағымдылығы тарапынан сұрыптайтын ерекшелікке ие.  Жадқа әсер ететін факторлардың бірі – мадақ. Мақтанға байланысты барлық нәрсе жақсы есте сақталады. 

Женева университетінің, Торонто университетінің және Вейцман институтының зерттеушілері эксперимент жасады. Ерікті қатысушылар сыртқы ортаға әсер етер ерекшеліктерді атап көрсеткен.  Қатысушыларға екі түрлі эмоция тудыратын деректер ұсынылады. Жағымды әсер ететін ақпарат барлығының жадында жатталады. Қатысушыларға кейіпкер мен тақырыптар ұсынылады. Олар тақырыпқа сай кейіпкер таңдап, жадының жұмысын аналисздейді. Бірінші раундтан жиырма минут өткен соң, екінші раунд басталады. Қосымша ұпай жинау үшін кейіпкер мен заттар арасындағы байланысты табу қажет болды. Қатысушылар дұрыс тапқандығы үшін мадақталған факторларды есінде жақсы сақтаған.  Экспериментке қатысушылар ойынды магниттік-резонанстық бейнелеу аппаратында ойнаған. Ассоциацияларды еске түсіре отырып, ми гиппокамптардың әдеттегі жад орталығын ғана емес мадақтау эмоциясына жауап ретінде бөлек аймақ пайда болған. Алайда, Nature Communications мақаласында орта деңгейдегі мадақ естісе жад жақсы жұмыс істейтінін жазған.  Көп күш сарп етілген еңбекке естіген марапат жадта жақсы сақталады. 

 Oinet.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
4 года назад 2163
0 комментариев
О блоге