Танымал түрік печеньелерінде мөлшерден тыс ГМО анықталды. Cанитарлық дәрігерлер Кореядан жеткізілетін кеспенің қауіпті екенін мәлімдеді
Танымал түрік печеньелерінде мөлшерден тыс ГМО анықталды. Cанитарлық дәрігерлер Кореядан жеткізілетін кеспенің қауіпті екенін мәлімдеді

Алматылық дәрігерлер корейлік кеспе мен түрік печеньесінің қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық сараптама орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандар өнімдердің құрамынан өте көп мөлшерде ГМО бар екенін анықтады. 

"Джин Рамен" кеспесінің үш үлгісінде және Butter Coоkies Danish Pride печеньесінің бір үлгісінде ГМО концентрациясының жоғарылағаны хабарланды. Өнімдер «Барыс-4» және «Ақбұлақ» көтерме базарларында сатылған. Олардың қауіпсіздігін растайтын құжат жоқ екені белгілі болды.

Үлгілер Ұлттық сараптама орталығының Алматы зертханасында зерттелді.

"Зертханалық зерттеулер көрсеткендей, кеспедегі генетикалық түрлендірілген сояның мөлшері рұқсат етілгеннен 1,4-тен 10,25 пайызға дейін, печеньеде - 47,75 пайыздан жоғары. Сонымен қатар өндірушілердің этикеткаларында осы өнімдердегі генетикалық түрлендірілген ингредиенттердің мазмұны туралы ақпарат жоқ", - дейді сараптама орталығы.

Айта кету керек, тамақ өнімдеріндегі ГМО құрамының рұқсат етілген нормасы "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес 0,9 пайыздан аспайды.

Қазір тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік басқармасы бөлшек сауда желісінде сәйкес келмейтін өнімді анықтау және оларды сатудан алып тастау бойынша шаралар қабылдауда.

"Өздеріңіз білетіндей, ГМО қатерлі ісіктің пайда болу қаупін, балалар мен жасөспірімдердің өсуінің тоқтауын, сондай-ақ аллергиялық аурулардың пайда болуына алып келеді. Сондай-ақ, сапасыз өнім анықталған жағдайда, қазақстандықтар тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігі бойынша аумақтық департаменттерге жүгіне алатынын хабарлаймыз", - деп толықтыры олар.

Cанитарлық дәрігерлер Кореядан жеткізілетін кеспенің қауіпті екенін мәлімдеді 

Алматы санитарлық дәрігерлері Оңтүстік Кореядан әкелінетін тез дайындалатын кеспе мен түрік печеньесі құрамында ГМА-ның (ГМО) көп мөлшерін анықтады.

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының мәліметінше, Оңтүстік Кореядан әкелінген «Джин Рамен» тез дайындалатын кеспесінің 3 үлгісінде және Butter Соокіеѕ Danish Pride түрік печеньесінің бір сынамасында зерттеу барысында ГМА мөлшерінің артқанын анықтаған.

Мамандар өнім қауіпсіздігін бақылау аясында 89 тамақ өнімінің сынамасын сатып алып, Алматы қаласындағы Ұлттық сараптама орталығының зертханасына жеткізген.

Зертханалық зерттеулер көрсеткендей, кеспедегі гендік түрлендірілген сояның құрамы 1,4%-дан 10,25%-ға дейін, печеньеде 47,75%-дан асады. Бұл ретте өндірушілердің таңбаларында көрсетілген өнімдердегі гендік түрлендірілген ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ. Тамақ өнімдеріндегі ГМА құрамының рұқсат етілген нормасы «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011 ж.) Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес 0,9%-дан аспайтынын атап өткен жөн, - делінген хабарламада.

Өнімді өткізушілер «Барыс-4» және «Ақбұлақ» көтерме сауда базарларында оның қауіпсіздігін растайтын құжатсыз сатып алған. Аталған фактілер бойынша Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті сауда желісіндегі сәйкес емес өнімді анықтау және оны сатудан алып тастау бойынша іс-шаралар жүргізуде. 

Өздеріңіз білетіндей, ГМОА қатерлі ісіктердің пайда болу қаупін, балалар мен жасөспірімдерде өсудің тежелуін, сондай-ақ, аллергиялық аурулардың пайда болу қаупін арттырады.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
4 года назад 1736
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир