Хабарсыз кеткен оқушы қыз Сирияға кетіп қалған

Дәстүрлі емес діни бағытты ұстанған тағы бір отбасының ойраны шықты. Оралдағы №37 мектептің 7 «а» сынып оқушысы Ділнәз Әділова анасымен бірге жоғалып кетті.
Атырауда вахталық әдіспен жұмыс істейтін отағасы дереу Оралға келіп, келіншегі мен қызын үйінен таба алмай қалған. Артынша олардың Мәскеу арқылы Сирияға бет алғаны белгілі болды. Бұл жағдайды құқық қорғау органдарындағы сенімді дерек көздері де растап отыр.

Мирас Дулатовтың фб парақшасынан

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 лет назад 4099
2 комментария
О блоге
Прямой эфир