Ұшақта дүниеге келген балаларға қандай жеңілдік жасалады?
Ұшақта дүниеге келген балаларға қандай жеңілдік жасалады?

Әуе кемесінің бортында дүниеге келген бала өмір бойы ұшақпен тегін ұша алады...

Бұл ұғым қайдан пайда болған? 

Мұндай ұғым бекер пайда болмаған, – деп жазады Рамблер сайты. 1996 жылы Asia Pacific әуекомпаниясының бортында Могд Алиф есімді ұл бала дүниеге келген. Ал бір жылдан кейін дәл осындай жағдай қайталанып, өзге ұшақта Дарарасами Тонгхарон есімді қыз туады.

Екі сәби де өмір бойы азиялық әуе компанияларының ұшақтарында 90 пайыз жеңілдікпен ұшуға мүмкіндік алды.

Десе де жоғарыда айтылған екі жағдайда да әуекомпаниялар өз еркімен балаларға осындай сыйлық жасаған.

Алайда бүгінде әуекомпаниялардың басым бөлігі ай-күні жақындаған келіншектерге ұшаққа отыруға рұқсат бермейді. Бұл компанияның «қызғаншақтығына» байланысты емес. Негізінде әуекомпаниялар керісінше, жолаушылардың қамын ойлап, денсаулығына алаңдайды. Сол себепті де олар әйелдердің толғақ кезінде артық күйзелісті басынан өткергенін қаламайды.

Дегенмен Үндістанның Jet Airways лайнерінің бортында 2017 жылы аяқ астынан бір жолаушы босанып, сәбилі болады. Борттағы фельдшер мен экипаж жүкті әйелге көмек көрсетіп, бала Boeing 747 жерге қонып үлгерместен дүниеге келген. Ал аталмыш әуе компаниясы үшін бұл алғашқы тосын жағдай болып, компания нәрестеге өмір бойы рейстерде тегін жүру мүмкіндігін сыйлаған.

arhar.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
4 жыл бұрын 1897
0 пікір
Блог туралы