САРАҢДЫҚ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
САРАҢДЫҚ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Шәкірттердің бірі хазіреті Әлиден сараң адамның жайы туралы сұрайды. Сонда Әли: – Сараң байлығын жұмсамайды, қажетіне де жаратпайды, сөйтіп дүниеде бәрібір кедейге ұқсайды. Бірақ, ақыретте ол байлардың қатарында тұрады, есепті де солардай тапсырады – деп айтыпты. Осылайша хазіреті Әли адамды сараң болмауға шақырады. Егер қолыңдағы дүниені өз қажетіңе де жұмсауға қимайтын болсаң, онда сенің нағыз сараң болғаның дейді. Расында да дүниені жиғаннан не пайда егер оның пайдасы емес, зияны болса. Малдың дүниелік һәм ақыреттік пайдасын көру үшін мұқтаж жандарға садақа беріп, ізгі амал жасауды естен шығармаған жөн екен. Әйтпесе, қиямет күнінде Алланың алдында есеп-қисабына жете алмай тұрған шарасыз пенделердің қатарында тұрасың. Алла бізді мұндайлардың қатарынан қылмасын.  

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

 Kazislam.kz 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 жыл бұрын 5285
0 пікір
Блог туралы