Әйелі қайтыс болып жесір қалған еркектер жайында
Әйелі қайтыс болып жесір қалған еркектер жайында
Абдірейім Өміров

Сонымен əйелі қайтыс болып жесір қалған еркектер яғни əкелеріміз жайлы.
Асыл дініміз Ислам күйеуі қайтыс болған əйелге бір жылдан соң,еркектерге əйелі қайтыс болғаннан соң 40 күннен кейін үйленуге рұқсат береді.Оларға балалары сол мезгіл өткен соң үйленіңіз немесе күйеуге шығыңыз деп айтуы тиіс. Бұл перзенттік парызға жатады. Енді осы жөнінде өз басымнан өткен оқиға:
Менің анам 1985-жылы қайтыс болды.Анамның 40 күндік асын берген соң əкеме:
- Тəте, Алланың ісіне шара жоқ.Құдай қосқан қосағыңыз қайтыс болып сіз жетім болып қалдыңыз.Бойыңызда күш-қуатыңыз барда үйленіңіз, біз рұхсат береміз,-дедім.
- Балам , өзімде əйелдердің қатарындамын ғой.Үйленіп қайтемін.Рахмет айналайын , Алла разы болсын.
- Əліде ойланыңыз , кемпір табу оңай емес мен сізге серік өзімізге ана іздейін,-дедім.Күндер өтіп жатты 1987- жылы əкем инсульт алып қалып , қозғалыс аздап нашарлап үйде отырып қалды.Сол кезде ол кісіге серік керек болды.Өйткені мен кірсем бар , шықсам жоқпын.Ал келін атасының кейбір тірліктерін істей алмасф анық.(жуындыру , іш дəрет алдыру секілді ).Сонымее мен кемпір іздей бастадым.Өмірде кемпір іздеуден қиын нəрсе жоқ екен.Баяғының сауап үшін , болмаса күн көріс үшін тиетін кемпірлері бұл заманда жоқ.Солай əкеме серік іздеп жүріп бір атадан мынандай бір əңгіме естідім.Сонау 60-жылдардың соңғы жағында Түркістаннан шыққан баяғы М 21 Волгасына бір апа жолдан қол көтеріп отырады. Рулде 40 тан асқан жігіт ағасынан басқа ешкім жоқ.Апа жолдағы Шорнақ деген ауылдан түсетінін айтып мəшинеге отырады.Əңгіме барысында кемпірдің екі баласы бар екені , шалы қайтыс болғаны анықталады.Жігіт:
- Апа маған ана болыңызшы,-дейді.
- Ее айналайын болайын,- дейді ойында ешнəрсе жоқ апа.
- Апа уəде құдай аты, уəде ғой, маған ана боласыз ғой.
- Уəде,уəде балам боласың,-деп екеуі қол алысады. Солай отырғанда Шорнаққа да келіп қалады .Жігіт тоқтамай жүре береді. Апа:
- Балам-ау, мені түсірмейсің бе?
- Апа, сіз маған ана боламын деп уəде бердіңіз ғой.
- Иə, уəде бердім.
- Міне, сол уəде бойынша кетіп барамыз.Менің анам қайтыс болған. Мен жетім, əкем жесір.Маған ана , əкеме жар боласыз.
Кемпір сөзден тосылып үнсіз қалады.Апаның екі ұлы бар екен, ал мына жігіт ұлдан жалғыз екен, əпке - қарындастары бар екен. Кешірімге жіберген кіслерден екі баласы келіп шешелерін алып кетеміз дегенде.Кемпір:
- О заман да , бұ заман кемпір қайтып келіпті дегенді естімеппін.Пəленшенің шешесі байдан қайтып келіпті деген атаққа қаларсыңдар.Мен байқамай мына балама құдайдың атымен ана боламын деп уəде беріп қойдым. Алланың ісі шығар, уəдеден тайғаным дұрыс болмас.Бұл балам жалғыз екен , сендер іні болып бірігіп бауыр болып өмір сүріңдер,- деп кемпір сөзін аяқтады.Əлгі жігіт бір інісіне астындағы Волгасын, екіншісіне машинадан қымбат атақты бəйге аты бар екен сол атты беріпті. Сол үш ағайынды жігіттер кемпір-шал кеткен соң да əлі күнге дейін тату - тəтті өмір сүріп жатыр деп ,- қария.əңгімесін аяқтады.Ал мен əкеме сол күйі жар таппадым. Табар ма едім, таппас па едім, əкем қайтыс болып кетті. Ал осы күні бойында қуаты, қолында дүниесі бар, балалары рұхсат бермегендіктен олардан асып үйлене алмай жүрген қаншама ер адамдарды білемін.Қарсы болатын көбіне қыздары.Сондағылары дүниеге ортақ болады деген қорқыныш. Ал ағайындар менімше осы мəселе кəзіргі қазақ қоғамындағы үлкен қасыреттің бірі.Ал сіздер не дейсіздер?

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 жыл бұрын 9536
0 пікір
Блог туралы