Сауд Арабиясының жас тұрғыны Ибрагим атты жігіт апат салдарынан ауруханада жатқан болатын. Бір күні ол твиттер парақшасына осы қайғығы ұшырағалы бері үйдегі бауырларының ешқайсысы келмегенін, бірде-бір рет көңілін сұрамағанын жеткізеді.
"Ауруды зиярат ету үлкен сауап, маған келіп, көңілімді сұрап көмектесіңіздерші", - деп жазады ол әлгі жазбасында. Бірақ кейін бұлай боларын күтпеген де еді.
Бір қолданушы (#VisitIbrahim) #Ибрагимгебар хэштегі арқылы жергілікті тұрғындарды құлақтандырады. Оны 200 мыңнан астам бөліседі. Бұндай жағдай Twitter тарихында болып көрмепті.
Ертесі таңертеңнен бастап оған адамдар келе бастайды. Бір мезетте жүздеген адам оның палатасының қасынан табылып, кезегімен көңілін сұрап шығады. Олар оған гүлдері мен сыйлықтарын құшақтай келіпті. Сыйлығынан бұрын, өзара 130 мың доллар қаржы жинап береді. Бұл қаржы оған Германияда ота жасатып, сауығып кетуіне жетіп жатыр.
Islam-Today