Қытай қалай дамып кетті?
Қытай қалай дамып кетті?
Қытай қалай дамып кетті? Әсіресе 90 жылдардан былай қытай үздіксіз жоғары даму жылдамдығын сақтап келеді. Бұрын дамыса қайда жүрген? 70 жылдарда қытайда басқаны айтпағанда ашаршылық болған еді. Қалай бұлай болды? Бұл біз үшін маңызды тақырып. Мен мұнда мына төрт нәрсені айтар едім және бұл еліміз үшін де дамуға үлкен сүймен болар әдіснамалар.
1. Жерді қарапайым халыққа тегін тең бөліп беру. 87 жылдардан бастап Қытай бүкіл қытайдағы жерлерді өлшеп, мемлекеттік нысандардан басқаларын (орман, көл және басқалары) отбасындағы адам саны бойынша тегін тең бөліп берді. Бұл қытайлық әрбір ауыл тұрғыны сол ауылда қандай егістік жер бар, қандай мал бағатын жер бар, тең деңгейде мүлік иесі болуына қол жеткізді. Бұл қытайлардың жер сатып алып, жер сатып алу үшін тапқанын беріп қиналуының алдын алды. Жерді тең бөліп беру қытайлықтар үшін ортақ старт болды да, ары қарайғы даму осыдан басталды. Жері барлар енді бірдеңе істей бастайды не істейтіндерге жалға береді, немесе сатады. Сөйтіп Қытай дамуының бірінші және ең маңызды алғышарты жасалды. Қазір қытайдағы қазақтардың біршамасының келгісі келмеуі немесе келейін десе де келе алмауы ол жақта жері болуы. Ал бұл жақта ондай мүмкіндікке жету қиын.
2. Шетелдік кәсіпорындармен серіктес компаниялар құру. Әңгіме серіктестікте. Бізде де инвестиция тарттық дейміз, бірақ ол серіктестік емес, жай шетелдік ақшасын құяды да бірдеңені бізде жасайды, өндіреді, қазады, салығын төлейді. Жоқ, Қытай өйткен жоқ, Қытай Серіктес компания дегенді жасады. Мұнда аталған компания міндетті түрде Қытайда құратын компаниясының аз дегенде 50 пайыз қаражатын қытай салады дегендік. Яғни, шетелдіктер өз ақшасымен келіп білгенін істей алмайды, жарты ақшасы қытай жағынан төленетіндіктен шетелдік қытай заңына тәуелденеді, қытайлық жұмысшыларды пайдалануға мәжбүр, қытайға техникасын үйретуге тура келеді, сөйтіп қытай бұл компанияның тек салығымен ғана емес, өз халқын тәрбиелеп, біртіндеп жаңағы компанияның шын иесі болуына жол ашады. Серіктес компания құру қытайдың елге келген инвесторлардың Қытайды тыңдауына, қытайлық мүдде үшін де еңбектенуіне жол ашты. Бастысы бұл серіктес компаниялар күндердің бір күні қытай салатын қаржының артуына ілесіп, қытайдікі болып қалады. 100 пайыз шетелдіктің қаржысына құрылған компания мен 50 пайыз шамасында ғана шетелдіктердің қаржысына құрылған компанияның айырмашылығы жер мен көктей! Қытай шетелдіктерді шақырыд, бірақ көлкектеп соларға тізгінді беріп қойған жоқ, сенің де құйған ақшаң болғанда ғана сенің сөзің өтетінін олар жақсы түсінді. Сөйтіп олар шетел тауарларын қытайда өндіре бастады әрі шетелдің сол тауарларды қалай өндіретінін игере бастады.
3. Әлемдегі ең жаңа ақпарат пен білімге талпыну. Ұрлап болса да. Қытай шетелдің артықшылығы олардың ең жаңа ақпараты мен білімінде екенін, бірақ оны шетел тегін бере қоймайтынын, ең жаңа жаңалықтар мен тапқырлықтарды қолға келтіру үшін де көп уақыт, көп шығын кететінін түсінген соң олар ақпарат ұрлайтын мемлекеттік арнайы құрылымдар құрды. Қытай билігі жағынан өте қомақты ақша құйылған сондай орталық жұмыс жасайды. Олар түрлі сала бойынша әлемнің кез келген елінде болған жаңалық пен керекті ақпаратты, білім мен тапқырлықты алудың жолын қарастырумен арнайы айналысады және тапқанын мемлекетке тегін тарқатып отырады. Сөйтіп олар шетелдегі жаңалықтың қытайда жалғанын болса да жасап шығаруға жол ашады.
4.Банк өсімін қатал қадағалау. Қытайда адам көп, экономиканың ауқымы зор, өндіріс жүйесі  күрделі. Мұндай жағдайда халықтың қаражат мәселесін шешу ең басты мәселе есептеледі. Ал, өндіріс қаражаты банкке барып тіреледі. Егер банк өсімі біздегі секілді жоғары болса ол халықтың қалтасын қағады да, халық ары қарай өндірісті дамытуға құлшынуға шамасы келмейді, қысқа жіп күрмеуге келмейді. Бұл үшін қытай Банктің өсіміне қатаң бақылау және шектеу қойды. Олардың банк өсімі тіпті қарапайым адам үшін де 4-8 пайыздан ары емес. Біздегі секілді 20 пайыздан басталмайды және өсімді төлегенде төлеп кеткен ақшаның өсімін алудай банктік қитұрқылыққа қатал шектеу қояды. Бұл қытайлықтарды арзан қаражатқа қолжетімді етті де, ары қарайғы жұмыс істеуге мүмкін етті.
 
Бұдан басқа да себептер бар екені анық. Қазірше осы. Бірақ осы 4 себеп болмағанда қытай бұлай дами алмаған болар еді. Дамуды жасаушы халық. Билік халыққа сондай жағдай жасап берді. Ары қарай халықтың төлеген салығы биліктің мол кіріс кіргізіп, одан да зор істеуіне мүмкіндік берді.
 
Haydar Alphy-ның фейсбук парақшасынан
Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 жыл бұрын 4141
1 пікір
  • Біздің басшылардың құлақтарына алтын сырға.
    Шетелдіктерге жерді тиынға жалға бергенше, өз халқына тарап берсің, сонда болашақта бюджеттің кірісі де өседі.
    Бүгінгі күнді ғана ойламай, болашаққа қарау керек!!!
    8 жыл бұрын
Блог туралы