НАЙЗАҒАЙ НЕГЕ ОЙНАЙДЫ? (ВИДЕО)
НАЙЗАҒАЙ НЕГЕ ОЙНАЙДЫ? (ВИДЕО)

Күн күркіреп, найзағай ойнаған сәттерді ауылда талай көзіміз көрді. Рас, қорқатынбыз. «Найзағайдың отын алады, қауіпсіз» деп үйдің төбесіне талай сексеуіл лақтырғанбыз. «Найзағай ұрып», құрбан болған малды да көрдік. Адамға да түскенін естідік. Жалпы найзағай неге ойнайды? Жалпы Құдай сақтанғанды сақтайды ғой. Десек те Уикипедия не дейді?

«Найзағай — бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше шақырым, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд. Найзағай – кешенді атмосфералық құбылыс. Бұл құбылыс кезінде қалың будақ-жаңбырлы бұлттарда және бұлттар мен жер арасында көп еселі электр разрядтары пайда болады, күн күркірейді. Ұйтқыма жел, дауыл соғып, кейде бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауады. Найзағайды шептік және масса ішіндегі деп ажыратады. Шептік найзағай атмосфера шебінде, ал масса ішіндегі найзағай ауаның жер бетінде жылынуынан пайда болады» (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

aikyn.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 жыл бұрын 12028
0 пікір
Блог туралы