Ғалымдар жаяу жүру кезінде аяқ мен энергия арасындағы байланысты зерттеді. Бұл жайында Science Daily ақпарат көзі жазды. АҚШ-тағы Юта универсиетінің ғалымдары ұдайы болмаса да жиі аяқтың ұшымен жүруге кеңес береді, дәлірегі, күніне кем дегенде бес минут осылай жүрген адамға мұндай әдіс тез артық салмақтан арылуына көмектеседі. Бұл тараптағы тәжірибеге 20 мен 40 жас аралығындағы 27 адам қатысты. Олар жүгірудің немесе жүрудің түрлі тәсілін қолданған. Сарапшылар өкшесін жерге қадап жүретін адамдардың зерттеуге қатысқан басқаларға қарағанда аз энергия жұмсайтынын анықтады. Ал аяқ ұшымен жүретіндердің энергияны 83 пайызға көп жұмсайтыны белгілі болды. Мамандардың айтуынша, аяқтың ұшымен жүру тобық, арқа, тізе және жамбас бұлшықеттерінің белсенділігін арттырады. Бұдан бөлек, арқа және тірек-қимыл аппаратындағы ауытқуларды емдеуге көмектеседі, деп санайды.
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Аскар Искаков жаңа жазба қосты: "10 оздоровительных эффектов поста в Рамадан..."13 сағат бұрынДәурен жаңа жазба қосты: "Свежая инновация: история одежды с кондиционером..."2 күн бұрынАскар Искаков жаңа жазба қосты: "Можно ли читать таравих после витр-намаза?..."2 күн бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Нарушает ли пост жевание безвкусной жвачки?..."3 күн бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЙ МЕН КЕДЕЙДІҢ АС МӘЗІРІНДЕ ҚАНШАЛ..."3 күн бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Символ Рамадана, или почему мусульмане так любят ф..."4 күн бұрын2023, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.