Күндізгі режимді түнгі режимге ауыстырғандай болмайық...
Күндізгі режимді түнгі режимге ауыстырғандай болмайық...

Кеше кешкісін мешітке барғанымда, осындағы бір «достарымды» көріп қалдым. Ауыз ашып, намаздан шыққаннан кейін, әлгі жігіттер қолқалап, «Жөке, мына жақта біреу ауызашар беріп жатыр екен. Жүр, барып ауыз тиіп қайтайық» деді. Барғым келмесе де, көңілін қайтарғым келмей ілестім. Өйткені, алыс жерден келген, жақын арада үйіне жете алмайтын адамдар да бар ғой. Солар барсыншы деген ниет. Үш жүз адамға дастархан жайыпты. Олар менен кейін жайғасты. Сол жағымда бір үлкен жігіт ағасы отырды. Әлгі кісі тамақ талғамайтын біреу екен. Жеміс-жидек пен етті қос-қолдап (бәрін былықтырып) қарпып, аз уақытта алдын жайпап тастады. Ішімнен ойлап қоямын, «Мынаның ораза ұстағаны қызық екен» деп. Өзім құрма жеп, су іштім де, бата жасағандарын күтіп отырдым. Айтайын дегенім, ауыз ашқанда ашқарақтанып тамақ жейтін болсаң, ораза ұстағаныңнан не пайда? Асқазаның қайтадан майланып, оны тағы да ауыр «жүкке» толтырып тастайсың. Сосын ол ертеңіңде күні бойы әлгі тамақтарды қорытумен уақыт өткізеді. Ауыз бекіткен екенсің, шындап ашығуың керек. Әйтпесе одан пайда жоқ. Негізі, ораза ұстаған кезде үш - төрт күн құрма жеп, су ғана ішіп жүрсең де жетеді. Организм сонда шлактан тазарады да, құрманың құнарын ала бастайды. Құрманың құрамында адам ағзасына қажетті нәрсенің бәрі бар. Яғни сіз ауыз бекітіп жүріп, организмнің өзін-өзі емдеуіне жол ашасыз. Әйтпесе, ауызашарда тамаққа тыңқия тойып алып, қайтадан тамақты өлгенше ішіп «ауыз бекіткенніңнен» түк пайда жоқ. Айтпақшы, ауыз бекіткенде де біз дұрыс ашығып жүрген жоқпыз. Бар болғаны – күндізгі режимді түнгі режимге ауыстырамыз. Бұрын біз күні бойы тамақ жеп келсек, ораза кезінде қас қарайғаннан қайта жатқанша аузымыз босамайды екен...

Жолымбет Мәкіш
Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 жыл бұрын 3013
0 пікір
Блог туралы