Қазақстанның жазғы лагерьлерінде кімдер тегін демала алады?
Қазақстанның жазғы лагерьлерінде кімдер тегін демала алады?

ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Қазақстанда осы маусымда әрекет ететін жазғы лагерлер туралы айтып берді.

Бұл туралы sputnik хабарлайды.

“Балалардың ұйымдастырылған демалысын қамтамасыз ету үшін жазғы мерзімде республикада 13 мыңнан астам лагерлер мен мектепалды алаңдар жұмыс істейді. Жетім балалар, ата-анасының қамқорысыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, кем қамтылған отбасылардың балалары жергілікті бюджет есебінен лагерлерде тегін демалатын болады. Сондай-ақ, ерекше жетістіктері бар оқу озаттары да тегін демала алады”, — деді Асылова бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.

stan.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 жыл бұрын 3035
0 пікір
Блог туралы