Жұмысқа тұрғанда банк картасын жаңадан ашуды талап еткені дұрыс па?
Жұмысқа тұрғанда банк картасын жаңадан ашуды талап еткені дұрыс па?
Сұрақ: Жаңа жұмысқа орналасқанда жалақы түсіру үшін сол кәсіпорынның серіктес банкінен жаңа банк картасын ашуды талап етеді. Қайта-қайта банк картасын аша беру артық жұмыс. Өзімдегі банк картасына жалақы түсіруді талап ете аламын ба?

Жауап: Қайырлы күн! Қолыңызда бар банк картасын жаңа жұмыс орныңызда жалақы алу үшін пайдалана аласыз. Бірақ, жаңа жұмыс орныңыздағы бухгалтерияға бұл артық жұмыс болады. Өйткені барлық адамға бір тізіммен құжат толтыруы, сізге бөлек толтыру қажеттілігі туады. Сондықтан мекемелерде бір банктің  жалақы картасы болғанын қалайды. Сондықтан, жаңа банк картасын аштыруға тырысады. Егер мүлдем ашқыңыз келмесе қолыңыздағы банк картасына аударуды талап ете аласыз.

7kun.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 жыл бұрын 2590
0 пікір
Блог туралы