Айттыру, сырға салу
Айттыру, сырға салу

Ұлын үйлендіргісі келген ата-ана келін болуға лайықты қыз қарастырады. Екі жақтың тұрғылас, тең болуына ерекше мән береді. Әсіресе, қыз басының бос болуын негізге алады. Бұл жағынан қазақ дәстүрі Әбу Һурайрадан (р.а.) келген мына бір хабардағы Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисімен сәйкеседі: عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لاَ يَخْطُبُ الرَّجُلُ عَلَى خِطْبَةِ أَخِيهِ «Бір мұсылман екінші бір мұсылман бауырының хитба жасаған (айттырған) қызының үстінен хитба жасамасын» – деген (хадисті имам Бұхари, Мүслим, Нәсаи жеткізген). Ұлына жар таңдаған ниетін білдіруге қалыс адамды өкіл қылып жіберген немесе қыз көруге арнайы өзі барған. Кейбір ескеретін жайттар құдаласпай тұрып үйленетін қыз бен жігіт бір-бірін көрген. Өйткені Жәбирден (р.а.) жеткен келесі хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с): عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رضي الله عنهما قَالَ : قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : إِذَا خَطَبَ أَحَدُكُمْ الْمَرْأَةَ فَإِنْ اسْتَطَاعَ أَنْ يَنْظُرَ إِلَى مَا يَدْعُوهُ إِلَى نِكَاحِهَا فَلْيَفْعَلْ «Егер сендер бір әйелге құда түсетін болсаңдар, мүмкін болса, қарауға рұқсат етілген жеріне (жүзі мен қолдарына) қарап алсын» - деген (имам Әбу Дәуіт). Ал қызды көру жеке екеуара ғана болмауы керек, қыздың қасында махрамдары болуы тиіс. Қызын көруге кел- 117 Отбасы салттары ген адамға қыздың шешесі: «Қызды кім айттырмайды, қымызды кім ішпейді, қызымның басы бос» деген сынды сөздерімен қарсы емес екенін емеуріндеп білдірген. Қызды айттыруға келген тарап үкі тағу, сырға тағу сынды жоралғыларын жасасқан. Осылайша екі жақ келіскен жағдайда баталасып, сөз байласқан. Құдалық туралы уәделескен соң қалыңмалы бірте-бірте төленеді. Айттырылған қызды «қалыңдық» дейді. Қазақта әлі дүниеге келмеген балаларын, не бесікте жатқан кезде де атастырып қоятын да ғұрып болған. Бұрын көңілі жақын адамдар, жақын достар әлі дүниеге келмеген балаларын «сізден қыз, бізден ұл туса, құда боламыз» деп уағдаласқан. Жігіт көңілінен шыққан қызды оның ата-анасынан тікелей сұрайтын ғұрпы сүннетпен үндеседі. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Айша анамызды әкесі хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) өзінен қолқалап сұраған. Мұсылмандық дәстүрде қыздың келісімі, жүрек қалауы болуы ескеріледі.

Материал «Дін мен дәстүр» кітабынан алынды.

Ummet.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
5 жыл бұрын 3646
0 пікір
Блог туралы