101 жастағы қазақ әжей Америкада қарттар үйінде тұрып жатыр (фото)
101 жастағы қазақ әжей Америкада қарттар үйінде тұрып жатыр (фото)

Әсия Сардарбек әжей өткен жылдың отызыншы жылдарында елді тастап қашуға мәжбүр болған. 101 жастағы қазақ әжей қазір Америкадағы қарттар үйінде тұрып жатыр.

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Американың Вирджиния штатында тұратын қазақ әжей әлі күнге ана тілінде сөйлейді. Ол күн сайын қазақ жерін сағынатынын айтады.20170602083132

Әсия әжей Вирджиния штатында 40 жылдан бері тұрады. Ізіне Кеңес билігі түскен соң ол әкесімен, баласымен бірге Отаннан қашқан. Әжей Шу елінің тумасы. Әкесі елге сыйлы,ауқатты адам болған. Бірде үйіне коммунистер келіп, ауыл тұрғындарының тұрмысы өзгере бастайды. Осы кезде Сардарбектер отбасы шекара асады. Жол бойы небір қиындыққа кезігіп аш қалған олар алдымен Түркістаннан асып, Қарақалпақстанға жетеді. Кейін Әмудария арқылы Ауғанстанға кетеді.

15 жастағы Әсияға 200 жылдық тарихы бар династия әулетінің мүшесі, патша отбасынан шыққан азаматтың көзі түседі. Әсияның әкесі қызын ауған патшасы Захиридің мұрагері Амири Мұхамедке тұрмысқа беруге мәжбүр болады. Бұл патша отбасы елге 40 жыл билік еткен.

20170602083132

«Анам 10 баланы өмірге әкелді. Қазір олардың бесеуінің көз  тірі. Ол кезде тұрмысымыз жақсы болатын. Қызметшіміз де болды. Анамның анасын көргем, атамды көрмеппін. Анам өзге елдің адамы болғанымен отбасымызда бәрі оны жақсы көретін. Өйткені ол бәріне мейірбан еді. Алайда кеңес әскерлері басып кірген соң, ел билеушісі Дәуіт хан көз жұмды. Ол Захир шахтың ағайынды бауыры еді. Сосын біз Ауғанстанна бас сағалап кетуге мәжбүр болдық. Ол кезде 13 адам едік», – дейді әжейдің қызы Әмина Амири Рахман.

20170602083132

1982 жылы Әсия әжей патша отбасының мүшелерімен бірге Түркияға, одан кейін Германияға арқылы АҚШ-қа жетеді. Қазір әжей қарттар үйінде тұрып жатыр. Оған ерекше күтім керек екені де жасырын емес. Жергілікті билік өкілдері құрмет ретінде әжейге пәтер мен қызметші адам табыстап қойған.

stan.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 жыл бұрын 3328
0 пікір
Блог туралы