ОТАРЛАУШЫЛАР ӨЛТІРЕ АЛМАҒАН ТІЛІМІЗДІҢ ЖАНАЗАСЫН ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ШЫҒАРА МА?
«Қыр халқы... ғылым-білім жайып жатқан һәм өздері ғылым-білімге көңіл бөлген себебінен кешікпей-ақ жақсылықты біліп, еңсесін көтеруге аяқ басар, өздерінің сүйектеріне берген ақылы-санасы болған соң...» Әлихан Бөкейхан Өткен ғасырдың басында Ұлы Мағжанның айтқаны бар: «...Айбынды ту құлады... қазақ тілін екі албасты екі жақтан келіп басты!..» деген. Содан бері құламай, қанша құртам десе де құрымай, жаңарып, жанданып, бірақ, әйтеуір, әупірімдеп, тарих тереңінен нәр алып келе жатқан, Ана Тіліміз – қазіргі Тәуелсіздіктің ширек ғасыр қарсаңында құруға айналғаны ма? Ғасыр өткен соң да, тәуелсіз...