Сауд Арабиясына ҚР-дың 10 шаруашылығы өз балдарын экспорттай алады
Сауд Арабиясына ҚР-дың 10 шаруашылығы өз балдарын экспорттай алады

Ағымдағы жылы бал және ара шаруашылығы өнімдерін шығаратын 10 қазақстандық компания Сауд Арабиясы Корольдігінің сенімді экспорттаушылар тізіліміне енгізілді. Бұл туралы eldala.kz ақпарат көзі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР агроөнеркәсіптік кешенінің 2975 кәсіпорны өз өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық одақ елдеріне, ҚХР, Корея Республикасы, Өзбекстан, БАӘ, Жапония, Түркия және Сауд Арабиясына сатуда.

Жыл басынан бері ҚХР Бас кеден басқармасының тізіміне мал шаруашылығы өнімдерін сату құқығы бар төрт кәсіпорын, сүт өнімдері бойынша үш кәсіпорын, балық және балық өнімдерін сақтау, өңдеу және сату бойынша бір кәсіпорын енгізілген болатын.

Сонымен қатар, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті түрік елімен жүргізген келісім нәтижесінде осы елдің тізіліміне тері экспорты бойынша төрт кәсіпорын енгізілді.

 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2021 жылға арналған жоспары бойынша нарықтарға шығаратын тауар желісін кеңейту болып  табылады, сондай-ақ Еуропалық Одақтың, Түркияның, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жаңа нарықтарына өнім шығару жоспарланған.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
3 года назад 1162
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир