Қытайлық ер-азаматтар не себепті өзге ұлттың қыздарына құмар? Ұлттық трагедия: Қазақ келіншек қытай шалдың тырнағын алды (ФОТО)
Қытайлық ер-азаматтар не себепті өзге ұлттың қыздарына құмар? Ұлттық трагедия: Қазақ келіншек қытай шалдың тырнағын алды (ФОТО)

Бүгінгі күні Қытайдағы басты ахуалға айналған нәрсе гендерлік теңсіздік болып отыр. Қытайлық ер-азаматтар қалыңдық іздегенде өздерінің қатты қиналатындықтарын жеткізген. Тіпті, қалыңдық табу үшін олар неше түрлі әдіс-тәсілдер қолданады екен. Қытайда үйленбеген ер-азаматтарды «shengnan» деп атайды, яғни, «керексіз», «қажетсіз» «қалып қалған» деген сөз. Қытайлық ер-азаматтар әйел адамдардың аздығына байланысты қалыңдық таңдауда қиналады.

Қытайдағы әйелдер мен ерлердің санының айырмасы миллионмен өлшенеді. Оның себебі, бір жылдары елде жүргізілген «жанұядағы бір бала» саясаты. 2015 жылы «жанұядағы 1 бала» саясатына тыйым салынды. Мамандардың деректерінше, 2020 жылы Қытайдағы жалғызбасты ер адамдар саны 30 миллионға жетуі мүмкін. Тіпті, 2030 жылы ер адамдардың 4/1 бөлігі "30-40 жаста үйленбеген азаматтар болады" деген болжамдар айтылуда. Осындай бәсекелесік уақытында ер-азаматтар қалыңдық іздеп, қыздардың жүрегін жаулап алу үшін неше түрлі қи-тұрқы әрекеттерге барады екен. Мәселен, 2015 жылы 40 жасар қытайллық бизнесмен адамдарды таныстыру қызметімен айналысатын шанхайлық ұйымды сотқа берген. Оның себебі, қытайлық азамат өзіне қалыңдық тауып беруге уәде еткен ұйымға 7 млн юань (1млн доллар) төлеген. Алайда, ұйым қытай азаматының талабын орындай алмаған. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласының тұрғыны өзі ұнатқан қыздың жүрегін жаулау үшін 99 айфон алып берген. Алайда, жігіттің өкінішіне орай, қыз оның ұсынысын қабыл алмаған.

Қытайда тойланатын Жаңа жыл мейрамы қыз-жігіттердің жиі танысатын орны болса керек. Туысқандарына келген жастар өздеріне серік іздеуге осы мейрамды пайдаланатын. Қазіргі кезде бұл ежелден келе жатқан мейрамды тойлау тоқтап қалған. Қытайлық әйелдердің айтуы бойынша ер адамдар психологтар мен сәншілердің көмегіне жүгінеді екен. Ал туысқандарының тарапынан сұрақтардан шаршаған азаматтар қалыңдық қыздарды жалға алып жақындарына көрсетуге мүмкіндік беретін Hire Me Plz қызметтерін қолданады. Алайда, бұл қызмет өте қымбат. Көбінесе, қалыңдық іздеуде, қыздармен танысуда проблемаға ұрынатын ауыл-аймақта тұратын азаматтар. Себебі, әйел адамдар өз кезегінде қаржылы, жағдайы жасалған ер адамдарға тұрмысқа шыққысы келетіні жасырын емес. Көптеген ер адамдар кешірек үйленгілері келетінін жасырмайды. Оның себебін тойға кететін шығын, қалыңдық таңдауға кететін уақытпен түсіндіреді.

Одан бөлек, Қытайда қалыңдық пен күйеу жігіт жәрмеңкесі өтеді. Бұл жәрмеңкеде өз балаларын үйлендіргісі келетін ата-аналардың тақта үстіне жасаған жарияланымдарын көруге болады. Алайда, танысудың бұл тәсілі де сәтсіз болып отыр. Қытайдағы жалғызбасты ер адамадардың көбеюін тудырған әлеуметтік проблема «жалғыз бала саясатының» әсерінен ушығуда, себебі 2015 жылы бұл саясатқа тоқтау қойылса да оның зардаптары қатты білініп жатыр. Қытайда сол жылдары ұл баланың туылуы жануяға қуаныш әкеліп,керісінше қыз балалардың туылуы тастанды сәбилер мен аборттардың санын көбейткен. Сондықтан, болар, қазіргі уақытта қыздар, әйелдер санының күрт төмендеуі таңқаларлық жағдай емес.

image

Әлеуметтік желіде жоғарыдағыдай сурет жүр. Бұны Қытай үкіметі «Ұлттар ынтымағының аса қатты нығайғандығының» көрсеткіші етсе керек. Суреттен байқайтынымыз, қазақтың өрімдей ұл-қыздары қытайдың өлеусіреген шал-кемпіріне «күң» болып жүр. Үстіне «Қытай Шыңжаң еңбекшілер бірлестігі» деген қызыл лента байланған қазақтың бір келіншегі қытайдың тырнағын алып отырса, екінші бір келіншек қытайдың шашын ұстарамен қырып қызмет көрсетіп жатыр... Бізге жеткен ақпарат бойынша, бұндай «қамқорлық» қимылына этникалық ұлттардан бір азамат аптасына бір рет қатысуға міндеттелген. Қытайдағы қандастар бізге жиі жолдайтын хаттарда соңғы он жылда Шыңжаң аймағында (Автономиялық дербестігі бар ауданда 1,5 миллионға жуық этникалық қазақ өмір сүреді. –ред.) ассимиляция қарқынды жүріп жатқандығы айтылады. Қытай үкіметі өзінің қытайландыру саясатын түрліше «Ұлттар ынтымағы», «Бауырластық» деп бүркемелейді. Жоғарыдағы сурет осындай бүркеншікті көп саясатының бір көрінісі ғана. Атап айтқанда, Қытайда қытайдан басқа ұлттар тұратын аудандарда әр отбасына бірден ұлты қытай азаматтарды өз отбасында тұрғызуға міндеттеген. Олар бір үйден тамақтанып, бір үйде ұйықтайды. Әр күні таңертең әр отбасынан бір адам орталық алаңға барып сағат сегіз шамасында Қытайдың гимнін орындауға қатысуға тиіс. Қатыспағандарға әкімшілік жаза қолданады. Ұлты қытай емес этникалық ұлттардан алынған әскерилер немесе полицейлер этникалық аудандардағы түрлі жағдайларды болдырмауға жұмылдырылады. Бір сөзбен айтқанда, өзін-өзіне салған. Бұндай фактілер санай берсек жеткілікті... Бәрінен жанға бататыны, әнеу қытай тырнағын алған келіншек үйіндегі баласын бағу үшін лажысыз осыған көніп жатқан шығар. Анасына осындай жұмыс істеткен қытай ертең баласына не істетеді?...

Сәбина РАМАЗАН

qamshy.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 лет назад 3281
0 комментариев
О блоге