Қытай полицейлері «террорист» қойды тексеруде (видео)
Қытай полицейлері «террорист» қойды тексеруде (видео)

Қытайдың батыс оңтүстігін мекендейтін ұйғырлардың өз тәуелсіздігін алуға талпынысы, олардың қытай үкіметіне қарсы жасаған наразылық шаралары үнемі қарулы күшпен жанышталып келеді. Шинжияңдағы барлық қалалар мен елдімекендер қатаң бақылауда, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 

Әсіресе, 2009 жылғы 5-ші шілде күні Үрімжіде бүкіл қытайды дүрліктірген ұйғырлар наразылығы – қытай билігін естен тандыра жаздаған болатын. Бұл бүліктің соңы ұйғырлар мен ханзулар арасындағы ұлттық шиеленіске соғып, жүздеген адам өліп, мыңдаған адам тұтқындалған болатын.

Содан кейін батыс солтүстік Шинжияңдағы әр аймақ, қала, аудандарда бас көтерген ұйғырлар қоғам тыныштығын кетірген болатын. Сол кезден бастап орнаған қатаң тәртіп қазірге дейін күшеймесе жұмсарған жоқ.

Қытайда кең тараған Whchatжелісінде тараған төмендегі бейнежазба асыра сілтенген сол сақтық шарасының бір көрінісі.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 лет назад 3215
0 комментариев
О блоге