Құрметті қонақтарға ұсынылатын “Ханпалау” тағамын бірге әзірлейік
Құрметті қонақтарға ұсынылатын “Ханпалау” тағамын бірге әзірлейік

Алыстан ат терлетіп келген қонақтарға ұсынылатын “Ханпалау” тағамын бірге әзірлейік. Аталған тағам біздің елімізге Әзірбайжаннан келген екен.

Бұл туралы «Бірге таңдаймыз» бағдарламасында айтылды.

«Палау» сөзі парсы, хинди тілдерінде бар. Ол піскен күріш деген мағынаны білдіреді. II-III ғасырда Таяу Шығыс пен Үндістанда қалыптасқан ең көне астың бірі. Үндістан елінде бұл астың вегетариандық түрі дайындалса, парсы елінде ет пен балық қосылып жасалған. Олай болса, соңғы кезде сәнге айналған «Ханпалау» тағамын жасап үлгерейік.

«Тағамның негізгі атауы «Шахпалау» екен. Ол елімізге Әзірбайжан аспаздарынан келген. Аталған мемлекеттің ұлттық тағамы болып саналады. Қазақ елі оның атауын аздап бұрып алған. Шығыс халықтарында ұлтты басқарған адам шах, бізде хан. Оны әдетте өте сыйлық қонақтарға ұсынады. Ханпалау негізінен қамырдан жасалады. Еттің ең дәмдісі деп айтып жатады. Сол секілді Ханпалау тағамының қамыры ерекше болуы тиіс», – дейді кәсіби аспаз Мирас Төлеутай.

2863600_original

Қамырды әзірлеу үшін ұн, тұз, сұйық май және су қажет. Алдымен, қамыр мен палауды бөлек-бөлек дайындап аламыз. Артынша өте жұқа етіп жаямыз. Дайын болған қамырды пицца секілді кесіп, әрқайсысына ерітілген сары май жағамыз. Ол жабысып қалмау үшін керек. Қолдың сары майын ғана қолданған жөн.

Қазанды жұқалтыр қағазбен ораймыз. Оның ішіне де сары май жағып, ішіне қамырды саламыз. Артынша қазанға палау мен қазыны саламыз. Қамырдың артығымен бетін жауып шығамыз. Ортасын сәл ашып қойған жөн. Ол будың шығуына септігін тигізеді. Қазанның жұқалтыр қағазбен оралған қақпағын жауып, 200 градуста қызып тұрған пеште пісіреміз. 15-20 минут пісіру жеткілікті. Дайын болған асты қазақтың астауына қазанмен төңкеріп саламыз. Осы тұста абай болып, оның сынып кетпеуін қадағалауымыз керек. Осымен «Ханпалауымыз» дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 лет назад 4277
0 комментариев
О блоге