Қарбызды қалай таңдау керек?
Қарбызды қалай таңдау керек?
  1. Көлеміне қарай таңдау:
    Ең алдымен көлемі өте үлкен қарбыздан сақтану керек. Өйткені, біздің климат алып қарбызды өсіруге келмейді. Мұндай қарбыздар тыңайтқыштардың көмегімен өсірілуі әбден мүмкін.
  2. Сарғыш жолағына қарап таңдау:

Сарғыш жолақ әдетте әбден піскендіктің белгісі саналады. Неғұрлым сарғыш болса жолағы, соғұрлым тәтті әрі дәмі тіл үйіретін болады.

3) Шертіп таңдау:

Әбден піскені әдетте қатты дыбыс шығарады.

4) Сағағының ұшына қарап таңдау
Егер сағағының ұшы қураған болса, бұл қарбыздың піскенін білдіреді. Ал жасыл, балғын болса, қарбыздың піспей жатып сағағынан үзілгенін білдіреді.

5) Иісіне қарап таңдау

Піскен қарбыздың қабығынан өзіне тән иіс аңқып тұрады. Егер ондай иіс аңқымаса, онда ол жасанды жолмен өсірілген деген сөз. 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 лет назад 4621
2 комментария
  • Көлеміне қарап таңдаумен келіспес едім, нағыз дәмді қарбыздар Үлкен қарбыздар. Қарбызды жиі суарған сайын үлкейе береді. Ал Қазақстанның оңтустігі нағыз қарбыс осіретін климат.
    8 лет назад
  • 6) "Бисмилләһ" деп таңдасаңыз да, қолыңызға дәмдісі тиер, инша-Алла! :-)
    8 лет назад
О блоге