Оңтүстік Кореялық ғалымдар жылқы етінің пайдасын зерттеді
Оңтүстік Кореялық ғалымдар жылқы етінің пайдасын зерттеді

Jeksen Toktarbay

Тақырыпты түсіну үшін ең әуелі ОМЕГА 3 деген өте маңызды затпен танысып алайық.

ОМЕГА 3 деген зат майдың құрамдас бөлігі, табиғи майда болады. Бірақ бұл заттың мөлшері барлық майда бірдей болмайды. Әртүрлі майда әртүрлі мөлшерде кездеседі. ОМЕГА 3 адам денсаулығы үшін өте маңызды зат. ОМЕГА 3 жүрек аурулары үшін өте пайдалы зат. Ол қан тамырдағы майды ерітіп, қан тамырды кеңейтіп қан қысымды түсіре алады. ОМЕГА 3 адам ақыл есінің дамуы үшін де өте пайдалы, есте сақтау қабылетті арттырады. Сонымен бірге, көздің көру қуатын да жақсартады. Адамның миы 40%,  ал көзі 60% майдан құралады екен. Ал ОМЕГА 3 осы мимен көзід қажетті май қышқылдары мен қамдай алады.

Сол себепті дәріханаларда арнаулы ОМЕГА 3 майын сатады, жоғарыдағыдай пайдасы болғандықтан.

Енді тақырыпқа қайта оралайық.

Оңтүстік Кореялық ғалымдар жылқы етінің құрамын сиыр еті және шошқа етімен салыстырып зерттеген.

 Олардың зерттеуі бойынша жылқы майында жоғарыдағы ОМЕГА 3 деп аталатын зат өте көп болады екен. Салыстырмалы түрде айтқанда жылқы етінде (әсіресе майында) ОМЕГА 3 мөлшері сиыр етінен 14 есе, шошқа етінен 8 есе көп.  Ал ОМЕГА 3-тің пайдасының шаш етектен екенін жоғарыда жаздық. Сондықтан жылқы майынан мүмкіндік болса көбірек жей жүрген дұрыс.

Сонымен қатар жылқы еті темірге өте бай екен. Жылқы етіндегі темір мөлшері қой және сиыр етінен 3 есе, ал шошқа және тауық етінен 6 есе көп болады екен. Ал темірдің қан аздық ауруына бірден бір ем екенін білесіздер.

Және де, жылқы етінде B3, B6, B12  витаминдері өте көп болады екен. Яғни тек 100 грам ғана жылқы етін сіздің күнделікті қажет ететін минералдар  мен витаминдердің 1/3 бөлігін бере алады екен.

Зерттеу мақаласының қысқаша мазмұны осылай. Егер толық нұсқасымен танысам десеңіздер doi: 10.4162/nrp.2007.1.1.70 мінеки.

gylym.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
3 года назад 1793
0 комментариев
О блоге