Нобель лауреаттары адамзатқа төнген басты қатерлерді атады
Нобель лауреаттары адамзатқа төнген басты қатерлерді атады

Британияның Times Higher Education басылымы физика, химия, физиология (немесе медицина) және экономикадан Нобель сыйлығының 50 лауреатына сауалнама жүргізді. Журнал, атап айтқанда, ғалымдардың адамзат үшін жаһандық қауіп-қатер жайлы және жасанды интеллект тудыруы мүмкін бәсекелестік туралы пікірін сұрап білді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Ғалымдардың 34 проценті халық санының өсімі мен қоршаған ортаның нашарлауы (ғаламдық жылыну) адамзат үшін басты қауіп екенін айтса, 23 проценті ядролық қарудың, 8 проценті инфекциялық аурулардың зардабы мол деген пікірде екен. 
«Жасанды интеллект пен роботтар зерттеуші-адамдарға сұранысты төмендете ме?» деген сұраққа жартысы «екіталай», 24 проценті «жоқ» немесе «мүмкін», 2 проценті (бір адам) «иә» деп жауап берді. «Роботтар қиялдай алмайды», - деді ғалымдардың бірі. 
Америкалық бизнесмен Илон Маск пен британиялық ғалым Стивен Хокинг (Нобель лауреаты емес) Нобель лауреаттарымен келіспейді. Олар жасанды инттелект адамзатқа қатер төндіреді деп бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 лет назад 3243
0 комментариев
О блоге