Ninety one тобы шайтани белгілерді насихаттап жүр (фото)
"Діндарлар" Ninety one тобының шайтанды дәріптейтінін "дәлелдеді" (фото)

Аз ғана уақыт ішінде үлкен танымалдылыққа ие болған Ninety One тобын талқыламаған орта елімізде қалмаған болар.

Біреулер әнші жігіттерді гей деп айыптап жатса, екіншілері заманауи өнерді дамытушы жаңа толқын деп бағалады, деп жазады Skifnews порталы.

Ал, соңғы бірнеше күннен бері ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі Namys TV деп аталатын діни топ Ninety One әншілерінің сатанизм сектасына қатысы барын айтып, дәлелдеумен әлек.

Ендеше, "діндарлар" не дейді, соған назар салып көрсек. Сөздеріне дәлел ретінде олар "Айыптама" бейнеклипін алыпты. Клиптегі декорация түсініксіз белгілерге толы. Бір көрген адам оған расымен де мән бермеуі мүмкін. Алайда, анықтап қарағанда әлгі белгілердің арасынан сатанизмнің, масондардың символдарын аңғаруға болады.

"Діндарлар" Ninety one тобының шайтанды дәріптейтінін "дәлелдеді" (фото)

ФОТО: VK.COM

"Діндарлар" Ninety one тобының шайтанды дәріптейтінін "дәлелдеді" (фото)

ФОТО: VK.COM

"Барлығын көруші" (Всевидящее око) - Әлемнің ұлы архитекторын бейнелейтін масондық символ. Бұл белгіні "Айыптама" бейнеклипіндегі декорацияның бірнеше жерінен аңғаруға болады.

"Діндарлар" Ninety one тобының шайтанды дәріптейтінін "дәлелдеді" (фото)

ФОТО: VK.COM

"Діндарлар" Ninety one тобының шайтанды дәріптейтінін "дәлелдеді" (фото)

ФОТО: VK.COM

"Діндарлар" Ninety one тобының шайтанды дәріптейтінін "дәлелдеді" (фото)

ФОТО: VK.COM

"Діндарлар" Ninety one тобының шайтанды дәріптейтінін "дәлелдеді" (фото)

ФОТО: VK.COM

Сонымен қатар, әншілердің бірі өз қолына екіге бөлінген пирамиданы бейнелеген. Бұл да сол масондық символға қатты ұқсас.

"Діндарлар" Ninety one тобының шайтанды дәріптейтінін "дәлелдеді" (фото)

ФОТО: VK.COM

Ал, топтың тағы бір әншісі сырт киімінің арқа тұсына қызыл бояумен салынған бесжұлызды бейнелеген. Бәлкім сәйкестік болар, бірақ бұл сатанизм сектасының символына қатты ұқсайды.

"Діндарлар" Ninety one тобының шайтанды дәріптейтінін "дәлелдеді" (фото)

ФОТО: VK.COM

Естеріңізге салайық, жуырда отандық ток-шоулардың біріне шығып, шәкірттерін қорғаған топ жетекшісі Ерболат Беделхан өздері таңдаған стильдің Q-pop деп аталатынын мәлімдеді. Ал Ринат Зайытов шашын бояп, сырға тағатын әнші жігіттерден жиіркенетінін айтқан болатын.

Әнші Төреғали Төреәлі өзін плагиатшы деп атаған Дастан Оразбековтің әрекетін ұят санап, "91" тобының әншілерін шайтанға теңеген еді.

nur.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
9 лет назад 11641
2 комментария
  • BQ
    Осы жерден Исламда музыканын укими неге харам деген суракка жауапты табуга болады. Бириншиден, ар нарсенин басы жане аягы бар деген угым бар, Жаратушыдан баска, арине. Сол сиякты Музыка басында жай гана адеми мелодиядан туратын, сози жок, карапайым табиги кубылыстарды (жанбырдын тырсылы, кун куркиреуи, кустардын сайрауы т.б.) сипаттарын беретин релакс музыка болса, кейиннен оган соз жазылып, турли музыкалык аспаптардын шыгуы, аншилердин ан айтуынын натижеси, тубинде осындай сипаттарын аншилерге, неше турли азгындаган рок, поп, ауыр металл т.б. багыттагы музыка турлеринин шыгуына акеп согып отыр. Сол сиякты арак-шарап, зина, корип кел т.б. ауыр куналар, ауыр зардаптарга акеп согады. Сол ушин де, асыл динимиз ар нарсенин тупки ман-мазмунына, одан болатын зардаптарына Ман бере отырып катан тыйым салуынын себебин коруге болады. Бул арине улкен фитна, Сол ушин де ар-турли, шайтаннан болатын дин, ар ождан, т.б. бостандыгы, демократия, гендерлик саясат т.б. создерди жалаулатып адамзаттын азгындап, жаханнамга тусиретин Ен кыска жол. Сондыктанда, ел болып, мундай азгындап мен азгырушыларга карсы куреспесек, ертен Хак Тагала алдында бирлесе суракка тартылып калмайык агайын.
    9 лет назад
  • Мына фильмді көріңіздер, осы жайлы өте қызық әрі ойландыратын фильм. https://m.vk.com/video-29146740_171174815?list=4f7a11ee0fd1bd8097&from=wall75500063_284
    9 лет назад
О блоге