Неке келісімшартын жасау қаншалықты маңызды?
Неке келісімшартын жасау қаншалықты маңызды?

Қазақ қоғамында неке шарты  ұғымы қалыптаспаған. Бізде оны жаман ырым не дүниеге қызығушылыққа балайды. Десе де заңды тұрғыда ерлі-зайыптылардың мүліктік  жағдайы "Неке және отбасы туралы" кодексте арнайы баптарда көрсетілген. Ерлі-зайыптылардың келісімі негізінде мүліктерінің құқықтық жағдайы осы шартта көрсетеді.

Неке шартында нені көрсетуге болады?

-отбасылық шығыстар шығару тәртiбiн айқындауға;

-неке  бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлетiн мүлiктi айқындауға;

-неке шартына ерлi-зайыптылардың мүлiкке қатысты өзге де кез келген ережелердi;

-осы некеден туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік жағдайын енгізуге құқылы.

 Неке шартын қашан жасау керек?

Неке шартын некеге тұрған кезде жасау міндетті емес. Яғни, "Неке және отбасы" кодексінің 40-бабына сәйкес, неке шартын некені тіркеуге өтініш берген күннен бастап некені тіркеу рәсіміне дейін, сондай-ақ, неке кезеңінің кез келген уақытында жасауға болады. Ал шарт қандай жағдайда күшін жояды?

Ал психолог Айгүл Қараман:

Психологиялық тұрғыдан келісімшарт бар жерде махаббат болмайды. Сенім жоғалады. Неке шарты махаббатағы сенімді жояды дейді.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жыл басынан бері тіркелген неке саны бойынша, ажырасу саны бойынша да Алматы  бірінші орында. Заңгер Тілеужан Кішкенебаев ажырасқан кезде мүлік кімге және қандай үлесте тиесілі екені нақты пайыздық көрсеткішпен анықтайтынымен тиімді дейді.

Сұхбаттасқан:

Дүрия ҚЫДЫРБЕКОВА

adyrna.kz

Қазақстандағы неке келісімшарты: жасасу тәртібі және талаптары

 

Неке шарты немесе неке келісімшарты – Қазақстанда соңғы кездері танымал бола бастаған, бұрын-соңды болмаған беймәлім құбылыс. Осы мақалада біз неке келісімшарты дегеніміз не, ол не үшін керек, оған қандай талаптарды жазуға болады, қайда, қандай құжаттармен жүгіну керек деген сауалдарға жауап береміз. 

Неке келісімшарты дегеніміз не?

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 39-бабына сәйкес некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады. Бұдан басқа неке шартында некеде (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтары көзделуі мүмкін.

Басқаша айтқанда, неке шарты немесе неке келісімшарты некедегі ерлі-зайыптылардың және балалардың мүлікке құқығын бекітетін заңдастырылған уағдаластық болып табылады.

Неке шарты ерікті шешім, оны жасасуға немесе жасаудан бас тартуға ешкім міндеттемейді. Неке келісімшарты ажырасудың себебі болуы мүмкін деген жалған сенімнен бас тартқан жөн, әлемдік тәжірибе неке шартын жасасу көп жағдайда некенің бұзылуын болдырмайтынын дәлелдейді.

Неке шартын қашан жасасуға болады?

Кодекстің 40-бабына сәйкес неке шартын некені тіркеуге өтініш берген күннен бастап, некені тіркеу рәсіміне дейін, сондай-ақ неке кезеңінің кез келген уақытында жасасуға болады. Бұл неке шартын сіздің өзіңізге қолайлы кез келген уақытта жасай алатыныңызды білдіреді. Егер некені тіркегенге дейін неке шартын жасасаңыз, онда шарт некені тіркеу рәсімінен кейін ғана күшіне енетінін ескерген жөн.

Неке  шартында нені көрсетуге болады?

Кодекстің 41 бабына сәйкес ерлi-зайыптылар неке шартымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бiрлескен ортақ меншiк режимiн өзгертуге, ерлi-зайыптылардың барлық мүлкiне, оның жекелеген түрлерiне немесе ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкiне бiрлескен, үлестiк немесе бөлек меншiк режимiн белгiлеуге құқылы. Осылайша, Неке шарты ерлi-зайыптылардың бірлескен немесе жеке қолда бар мүлкiне қатысты да, болашақтағы мүлкіне де, сондай-ақ онымен жасалатын операцияларға да қатысты болуы мүмкін.   

Некені бұзған кезде мүлікті бөлу үнемі неке шартын жасасудың басты себебі бола бермейді, өйткені неке шартының мәні ретінде көптеген мүліктік жағдайлар болуы мүмкін.  

Неке шартына ерлі-зайыптылар:

  • өзара күтiп-бағу жөнiндегi өз құқықтары мен мiндеттерiн;
  • бiр-бiрiнiң табыстарына қатысу тәсілдерін;
  • өздерінің әрқайсысының отбасылық шығыстар шығару тәртiбiн айқындауға;
  • неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлетiн мүлiктi айқындауға;
  • неке шартына ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелердi;
  • осы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік жағдайын енгізуге құқылы.

Ерлi-зайыптылар  өз мүлкiне   бiрлескен, үлестiк немесе бөлек меншiк режимiн белгiлеуге немесе оларды жекелеген мүлік түрлеріне қатысты үлестіруге құқылы. Шартта ескерілмеген мүлік жалпыға бірдей белгіленген заңды режимге бағынады. 

Бұл ретте Неке шартында көзделген құқықтар мен мiндеттер белгiлi бiр мерзiмдермен шектелуi не белгiлi бiр жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкiн екенін  есепке алу қажет. мысалы ата-нанасы ажырасқаннан кейін бала жылжымайтын мүлікке құқығын, егер бұл немесе ерлі-зайыптылардың білгенінше өзге талаптар шартта көрсетілген болса,  тек 18 жасқа толғанда алады.

Неке шарты мүліктік мүдделерге қатысты болғандықтан және оларды реттеу үшін жасалатындықтан, онда тиісінше өзге сипаттағаы талаптарды көрсетуге болмайды.

Неке шарты ерлi-зайыптылардың құқық қабiлеттiлігін немесе әрекетке қабiлетiн, олардың өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгiну құқығын шектей алмайды; ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк емес жеке қатынастарды, ерлi-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн реттей алмайды; еңбекке қабiлетсiз мұқтаж жұбайдың күтіп-бағу қаражатын алуға құқығын шектейтiн ережелерді және Қазақстан Республикасы неке-отбасы заңнамасының негiзгi бастауларына қайшы келетiн басқа да жағдайларды көздей алмайды

Кодекстің 41 бабы 3 тармағына сәйкес неке шарты:

  • ерлi-зайыптылардың құқық қабiлеттiлігін немесе әрекетке қабiлетiн, олардың өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгiну құқығын шектей алмайды;
  • ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк емес жеке қатынастарды, ерлi-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн реттей алмайды;
  • еңбекке қабiлетсiз мұқтаж жұбайдың күтіп-бағу қаражатын алуға құқығын шектейтiн ережелерді көздей алмайды;
  • Қазақстан Республикасы неке-отбасы заңнамасының негiзгi бастауларына қайшы келетiн басқа да жағдайларды көздей алмайды.

Бұл сіз неке шарты арқылы үй шаруасын жүргізу қағидаларын, некеде және ажырасқан жағдайда балалармен қатынасу  тәртібін (кездесулер уақытын және ұзақтығын – үлкі ретінде), бірлескен өмірінің аспектілерін заңнамалық бекіте алмайтындығыңызды білдіреді. 

Неке шартын жасасу үшін қайда жүгіну керек және не қажет?

Неке шарты жазбаша нысанда жасалады және міндетті нотариалдық куәландыруға жатады. 

Неке шартын жасасу үшін ерлі-зайыптылардың екеуіне де нотариусқа бару қажет, өзімен бірге:

Неке шарты қандай жағдайларда күшін жояды?

Неке шартын бірлескен келісім бойынша кез келген уақытта өзгертуге немесе бұзуға болады. Неке шартын бұзу немесе өзгерту туралы келісім неке шарты сияқты, яғни нотариуста жеке басын куәландыратын құжаттармен және жылжымайтын мүлікке құқықты белгілейтін құжаттармен ерлі-зайыптылардың екеуінің де қатысуымен жасалады.

Неке шартын орындаудан бір тарапты бас тартуға рұқсат етілмейді, оның талаптарын ерлі-зайыптылардың екеуі де міндетті түрде орындауы тиіс. Сондай-ақ егер келісімге бірлесе жету мүмкін болмаса, неке шартын сот шешімі бойынша бұзуға немесе өзгертуге болады.

Неке шартының әрекеті неке тоқтағаннан кейінгі кезеңде неке шартында көзделген міндеттемелерді қоспағанда, некені тоқтатқан сәттен бастап тоқтатылады. Бұл ажырасқаннан кейін неке шарты жарамсыз болатынын және некені бұзғандағы мүлікті бөлу жағдайында шартта жазылған талаптар бойынша ғана әрекет етеді.

Неке шарты мәмілелердің жарамсыздығы  негіздері бойынша толығымен немесе ішінара жарамсыз болып танылуы мүмкін.

Мәмiлелер жарамсыздығының негiздерi:

  1. Қажеттi лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшiнiң мерзiмi бiткеннен кейiн жасалған мәмiле жарамсыз болады.
  2. Терiс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтiн немесе iскерлiк әдеп талаптарын бұзатын мәмiле жарамсыз болады.
  3. Осы Кодекстiң 23-бабында көзделген мәмiлелердi қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адам (жас бала) жасаған мәмiле жарамсыз болады.
  4. Он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің келісімінсіз жасаған мәмілесін, заң бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар мәмілелерді қоспағанда, сот заңды өкілдерінің талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. Осы баптың қағидалары осы Кодекске сәйкес әрекетке толық қабілетті деп танылатын (осы Кодекстің 17-бабының 2-тармағы, 22-1-бабы) кәмелетке толмағандардың мәмілелеріне қолданылмайды.
  5. Есуастық немесе ақыл-есi кем болуы салдарынан әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған адам жасасқан мәмiле жарамсыз болады. Кейiннен әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған азамат жасасқан мәмiле (осы Кодекстiң 26-бабы), егер мәмiленi жасау кезiнiң өзiнде-ақ бұл азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны дәлелденсе, оның қорғаншысының талабы бойынша сот мәмiленi жарамсыз деп тануы мүмкiн.
  6. Сот әрекет қабiлеттiлiгiн шектеген адам жасасқан мәмiленi сот оның қамқоршысының талап етуi бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
  7. Әрекет қабiлеттiлiгi болғанымен, мәмiле жасаған кезде өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiнiң не iстегенiн бiлмейтiн жағдайда болған азамат жасасқан мәмiленi сот сол азаматтың талабы бойынша, ал егер тiрi кезiнде талап етуге азаматтың мүмкiндiгi болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейiн басқа мүдделi адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
  8. Елеулi мәнi бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмiленi сот жаңылысу әсерiмен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Мәмiленiң табиғатына, ұқсастығына немесе оны өз мақсатына пайдалану мүмкiндiгiн айтарлықтай төмендететiн мәнiнiң сапасына қатысты жаңылысудың елеулi мәнi болады. Дәлелдердегi жаңылысу кейiнге қалдыру немесе күшiн жою шарты ретiнде, мәмiленiң мазмұнына осындай дәлелдi енгiзген кезде ғана мәмiле жарамсыздығының негiзi бола алады (осы Кодекстiң 150-бабы).

Егер жаңылысу мәмiлеге қатысушының өрескел бейқамдығының салдары болса, не оны кәсiпкерлiк тәуекел билеген болса, сот нақты жағдайларды және мәмiлеге қатысушы екiншi жақтың мүдделерiн ескере отырып, мәмiленi жарамсыз деп тану туралы талаптан бас тартуға құқылы.

  1. Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмiленi, сондай-ақ басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзi үшiн мүлде тиiмсiз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмiленi (кiрiптарлық мәмiле) сот жәбiрленушiнiң талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
  2. Бiр тарап өкiлiнiң екiншi тараппен зұлымдық ниетте келiсуi нәтижесiнде жасалған мәмiленi сот жәбiрленушi тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Жәбiрленушi тарап шеккен залалды жәрдем беру тәртiбiмен өтеу терiс пиғылды өкiлге жүктелуi мүмкiн.
  3. Заңды тұлғаның осы Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетiн етiп жасаған, не оның органының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасаған мәмiлесi, егер мәмiледегi басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы бiлгенi немесе бiлуге тиiс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) мүлiк иесiнiң қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
  4. Осы баптың 3, 5-тармақтарында көзделген мәмiлелер жас балалардың немесе әрекет қабiлеттiлiгi жоқ адамдардың заңды өкілдерінің талабы бойынша, егер олар аталған адамдардың пайдасына жасалған болса, сот шешiмiмен жарамды деп танылуы мүмкiн. 

Егер неке шарты осы ерлі-зайыптының бірін қолайсыз жағдайларға қойса немесе осы некеде (ерлі-зайыптылықта) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтарын бұзса, сот неке шартын ерлі-зайыптылардың бірінің талабы бойынша толығымен немесе ішінара жарамсыз деп тануы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзатын неке шартының жоғарыда көрсетілген (және Кодекстің 41-бабының 3-тармағындағы) талаптары жарамсыз деп танылады.

Егер неке жарамсыз деп танылса, онда мүліктің құқықтық режимі ҚР Азаматтық кодексінің нормаларымен реттелетін болады. Бұл жағдайда ерлі-зайыптылар жасасқан неке шарты жарамсыз деп танылады.

Неке шарты дегеніміз не? Не үшін керек?

Неке шартын кез-келген уақытта жасай аласыз.

Неке келісімшарты дегеніміз не? Не үшін керек? Қайда, қалай жүгіну қажет? Қандай талаптарды қамтамасыздандыратыны жөнінде tirshilik-tynysy.kz жариялайды.

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 39-бабына сәйкес некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады.

Неке шартын кез-келген уақытта жасай аласыз. Яғни, Кодекстің 40-бабына сәйкес неке шартын некені тіркеуге өтініш берген күннен бастап, некені тіркеу рәсіміне дейін, сондай-ақ неке кезеңінің кез келген уақытында жасасуға болады.

Неке шартын жасасу үшін қайда жүгіну керек және не қажет?
Неке шарты жазбаша нысанда жасалады және міндетті нотариалдық куәландыруға жатады. Неке шартын жасасу үшін ерлі-зайыптылардың екеуіне де нотариусқа бару қажет, өзімен бірге
Неке қию туралы куәлік.
Ерлі-зайыптылардың әрқайсының жеке басын куәландыратын құжат.
Егер шарт бұрын бар мүлікке қатысты жасалса, мүлікке құқықты белгілейтін құжаттар, сондай-ақ мүлікпен мәмілелерді рәсімдеуге қажетті басқа құжаттар (бұл қажет болған жағдайда әділет органының жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлiкке тiркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, бұл қажет болған жағдайда) болуы тиіс.

Неке шарты қандай жағдайларда күшін жояды?
Неке шартын бірлескен келісім бойынша кез келген уақытта өзгертуге немесе бұзуға болады. Неке шартын бұзу немесе өзгерту туралы келісім неке шарты сияқты, яғни нотариуста жеке басын куәландыратын құжаттармен және жылжымайтын мүлікке құқықты белгілейтін құжаттармен ерлі-зайыптылардың екеуінің де қатысуымен жасалады.
Неке шартын орындаудан бір тарапты бас тартуға рұқсат етілмейді, оның талаптарын ерлі-зайыптылардың екеуі де міндетті түрде
орындауы тиіс. Сондай-ақ егер келісімге бірлесе жету мүмкін болмаса, неке шартын сот шешімі бойынша бұзуға немесе өзгертуге болады.

zkadm
Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
2 года назад 1550
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир