Не үшін ЕСЕК - шайтанды, ал ҚОРАЗ - періштелерді көре алады?... (видео)
Не үшін ЕСЕК - шайтанды, ал ҚОРАЗ - періштелерді көре алады?... (видео)

Əбу Хурайрадан (р.а) риуаят етіледі:

Расулуллаһ (с.а.у):
" Егер есектің аңыраған дауысын есітсеңіздер, Алланың атымен лағынеті шайтаннан пана тілеңдер. Өйткені ол шайтанды көрген...
Егер қораздың қышқырған дауысын есітсеңіздер, Алладан Оның жарылқауын сұраңдар. Өйткені қораз періштені көрген,"- деген екен.
Имам Бұхари жəне Мүсілім риуаяттары.
Біз бұл хадисте ғылым жаңалығы жасырынғанын күтпеген едік. Бұл жаңалыққа бүкіл əлем таңданыс білдірді. Хадис анық жəне түсінікті болуы үшін сіздерді мұсылман емшілері мен ғалымдарының жорамалдарымен таныстырып өтеміз...
Негізінен, адамның көру қабілеті шектелген болып, есектің көру қабілетінен біраз айырмашылығы бар. Сол сияқты, есектің көру қабілеті қораздың көру қабілетінен айрықшаланады. Адамның көру қабілеті шектеулі болып, ол қызыл жəне күлгін түсті шұғылалардың астындағы нəрселерді көре алмайды. Бірақ қораз бен есектің көру қабілеті бұдан тысқары...
Бұл жерде сұрақ туылады, "Қалайша қораз бен есек, жын мен періштелерді көре алады?"
Айта кеткеніміздей есек қызыл шұғыла астымен көреді. Шайтан да қызыл шұғылалы алаудан жаралған. Сондықтан да есек періштелерді емес, бəлкім (жын) шайтандарды көре алады.
Қораздың көру қабілеті болса күлгін түсті шұғылада болғандығы себепті, ол періштелерді көре алады.
Бұған себеп, періштелер күлгін түсті нұрдан жаралған.
Шайтандар Алланың аты зікір етілген жерден қашады:
Себебі, періштелер Алланың аты зікір етілген жерде пайда болады. Шайтандар болса бұл жерден қашады...
Не үшін шайтандар періштелердің жанынан қашады?
Өйткені шайтандар періштелердің нұрын көрумен азапталады. Егер де күлгін түс пен қызыл шұғыла бір жерде жиналса, қызыл шұғыла буланып, жоқ болып кетеді екен.
Бүгінгі күннің хикметі:
Дүние қиыншылықтарын желкелеріңізге көтеріп алмаңыздар...
Бүгінгі күніңізді ғана ойлаңыз, ертеңгі күнді оның Иесіне қалдырыңыз.
Есек болса да оны Алла Тағала жаратқан ғой, "есек харам" дей беруде КҮНƏ. Алладан өзгесі жарата алмас...
Кейде біреулердің осы есексіз жұмысы бітпей жатады...

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 лет назад 8388
0 комментариев
О блоге