Мұсылман әйелдің заманауи сән үлгісі көрсетілді (ФОТО+ВИДЕО)
Мұсылман әйелдің заманауи сән үлгісі көрсетілді (ФОТО+ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Мұсылман әйелдің дәстүрлі және заманауи сән үлгісі» атты көрсетілім болып өтті. Бұл жайында muslim.kz ақпарат көзі мәлім етті. 

Айтулы шарада Сара Тоқтамысова, Қарлығаш Советхан, Нурия Қабдуллақызы сынды отандық киім дизайнерлерінің топтамалары көрсетілді. Аталмыш көрсетілім киім үлгісінің шариғат талаптарына сай болуы,    әйел киімдерінің салт-дәстүрімізбен сабақтасуы, заманға сай, ыңғайлы және қазақи нақышта болуы сынды талаптар негізінде жүзеге асты.

Қазылар алқасы киім үлгілеріне өзіндік бағасын беріп, туынды авторларына ризашылықтарын білдірді. Шара соңында қатысушылар естелікке фотоға түсті. 

 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
4 года назад 2349
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир