Майлы тағам да миға есірткі сияқты әсер етеді
Майлы тағам да миға есірткі сияқты әсер етеді

Ғалымдар жүргізген тәжірибе майлы тағамдардың сезімді асқындыра түсетінін дәлелдеді, деп хабарлайды Baq.kz. 

Француз нейробиологтары тышқандарға зерттеу жүргізген. Соның нәтижесінде майлы тағамдарды тұтыну кезінде болатын ерекше өзгерістерді байқайды.

Майлы тағамдар жасөспірімдерге есірткі сияқты әсер етеді, дейді ғалымдар. Олар майлы тағамдар тұтынушыны есірткі сияқты еліктіріп, майға деген тәбетін арттыратынын анықтаған.

Майлы тағамдармен қоректенген тышқандар дофамин мен басқа да ферменттерді айтарлықтай көп мөлшерде түзіп, бұл қоздырғыштарға әсер еткен. Сол себепті тәжірибе жүргізілген тышқандардың миының белсенділігі басқа амфетамин егілген тышқандар сияқты белсенді болған.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 лет назад 4329
0 комментариев
О блоге