Автокөлік құрастырумен айналысатын инженерлер көліктің салмағын жеңілдету үшін үнемі жаңа материалдарды тәжірибеде сынап көреді. Ал жапондық көлік өндірушілер қағазды негізгі материал ретінде қолдануға болатынын дәлелдеді. Олар қалың қағаздан электрлі көлік құрастырды.
Toyota Motor корпорациясы Lexus маркалы бөлімшесінің екі қызметкері «премиум» кластағы Lexus IS Saloon моделі негізінде электромобиль жасады. Әрине, мотор және тағы басқа ішкі жану қозғалтқышына қажет бөлшектер өзге материалдардан жасалған. Ал көліктің сыртқы корпусы толығымен қағаздан дайындалған. Электр негізінде қозғалатын көліктің дөңгелектері де көп қабатты қағаздан тұрады. Жалпы көлікті құрастыруға 1700 қалың қағазбөлшегі жұмсалған. Ал оларды кесу үшін инженерлер арнайы лазерді қолданыпты.
Өнертапқыш инженерлер оригами көлікті құрастыру үшін үш ай уақытын жұмсаған. Бұл көлікті транспорт ретінде пайдалануға болмайды. Дегенмен стильді көлік инженерлердің шығармашылық ойлау деңгейін көрсетеді. Алдағы уақытта қағазды электромобиль Lexus маркалы көліктер сатылатын салондарда көрмеге қойылмақ.
Lexus Division — жапонның Toyota Motor корпорациясының «премиум» класты көлік маркасы. Бастапқыда АҚШ нарығына арналып шығарылған. Қазіргі таңда әлемнің жетпіс елінде сатылады.
massaget.kz