Күніне 5 минут аяқ ұшымен жүру тез арықтауға және тірек-қимыл ауытқуларын емдеуге көмектеседі
Күніне 5 минут аяқ ұшымен жүру тез арықтауға және тірек-қимыл ауытқуларын емдеуге көмектеседі

Ғалымдар жаяу жүру кезінде аяқ мен энергия арасындағы байланысты зерттеді. Бұл жайында Science Daily ақпарат көзі жазды. АҚШ-тағы Юта универсиетінің ғалымдары ұдайы болмаса да жиі аяқтың ұшымен жүруге кеңес береді, дәлірегі, күніне кем дегенде бес минут осылай жүрген адамға мұндай әдіс тез артық салмақтан арылуына көмектеседі. Бұл тараптағы тәжірибеге 20 мен 40 жас аралығындағы 27 адам қатысты. Олар жүгірудің немесе жүрудің түрлі тәсілін қолданған. Сарапшылар өкшесін жерге қадап жүретін адамдардың зерттеуге қатысқан басқаларға қарағанда аз энергия жұмсайтынын анықтады. Ал аяқ ұшымен жүретіндердің энергияны 83 пайызға көп жұмсайтыны белгілі болды. Мамандардың айтуынша, аяқтың ұшымен жүру тобық, арқа, тізе және жамбас бұлшықеттерінің белсенділігін арттырады. Бұдан бөлек, арқа және тірек-қимыл аппаратындағы ауытқуларды емдеуге көмектеседі, деп санайды.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
1 год назад 2918
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир