Жетісулық шебер әйнек сынығынан мешіттің шағын көшірмесін жасады (фото)
Жетісулық шебер әйнек сынығынан мешіттің шағын көшірмесін жасады (фото)

Сарыөзек ауылының тұрғыны Айбек Хусман әйнектен мешіт жасайды. Ол бұған дейін Жетісу жеріндегі осындай он шақты мешіттің үлгісін жасап, достары мен туыстарына сыйлапты,-деп жазды 24.kz.

Ішіне кішкентай шамдар орнатылған Алла Тағаланың жердегі үйлері жан-жағына жарық шашып тұрады. Көргенде көздің жауын алатын қолөнер туындысына қызығушылық білдіргендер Айбекке тапсырыс бере бастаған.

«Болашақта намаз басталарда азан шақыратын мешіттер жасасам ба деймін. Осылайша бойымдағы өнерді ары қарай дамыта бермекпін. Бүгінде көптеген адамдар сынған әйнекті керексіз дүние деп есептейді. Ал одан осындай дүниелерді жасауға болады»,- дейді Айбектің өзі.
” Әйнектен неше түрлі зат жасауға болады ғой. Көп ел ойлайды не істеймін мұны, керегі жоқ деп қоқысқа лақтырады да. Ол заттың өзінен әртүрлі зат жасауға болады. Ол адамның ебіне байланысты енді. Шын ниетпен жасау керек қой, адал ниетпен”,-дейді  қолөнер шебер Айбек Хусман.

Stan.kz

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 лет назад 3181
0 комментариев
О блоге