Жаңғақ артық салмақты тастауға көмектеседі
Жаңғақ артық салмақты тастауға көмектеседі

Ғалымдар жаңғақ жеу артық салмақты тастауға мүмкіндік береді деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Мұндай ақпарат Еуропада тұратын 373 мың адамның күнделікті ас мәзірін зерттегеннен кейін шыққан. Зерттеуге қатысқан еріктілердің жас мөлшері – 25-70 жас.

Зерттеу 5 жыл бойы жүргізілген. Нәтижесінде ғалымдар ас мәзірінде жаңғағы бар қатысушылардың артық салмақпен қоштасып қана қоймай, сондай-ақ қайта май қыртыстарының пайда болу қаупі төмендеген деген қорытындыға келген. Тәжірибеге орман жаңғағы (фундук), пісте, бадам жаңғағы (миндаль), жержаңғақ пен грек жаңғақтары алынған.

Сондақ-ақ жаңғақтар денсаулыққа оң әсер етіп, адамның қартаю процесін баяулатады және есте сақтауын жақсартатыны анықталған.

Тәжірибе ұйымдастырушыларының айтуынша, адамдардың басым көпшілігі салмақ тастайтындар үшін жаңғақтарды пайдалану тиімсіз деп есептейді. Дегенмен өткізілген тәжірибе оның теріс екендігін айқындады.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 лет назад 4453
0 комментариев
О блоге