Иран қазақтарының той рәсімі қалай өтеді (видео)
Иран қазақтарының той рәсімі қалай өтеді (видео)

Сонау Таяу Шығыс жерінде тұрып жатса да, қазақ халқының дәстүрін сақтауда жан салмаған Иран қазақтарының тойы таңдай қақтырды.

Парсы – мемлекеттік тіл болғандықтан, сонда тұратын қандастарымыз күнделікті тұрмыста, жұмыс орнында, көшеде, мектепте, жалпы кез келген жерде сол тілде сөйлеуі міндетті. Бірақ «үйде тек таза қазақ тілінде сөйлеңдер» деген атадан балаға мирас болып келе жатқан жазылмаған заңды бүгінгі жастары да бұлжытпай орындап келеді, деп хабарлайды kazakh-tv.kz.

Ұлын ұяға, қызын қияға қондыратын қазақ мұндай қуанышын тойсыз өткізсін бе? Төрт көзі түгел ағайын-бауырын жинап, ұлына атойлап той жасап, келін түсірсе, әдемі сәніменен, салтанатыменен қызын ұзатқан. Әлі есімде, 3-4 жас кезім шығар. Ата-әжем тойға барса, екеуі екі бөлек киіз үйге кіріп кететін. Той иесі бір киіз үйге шақырса, дастарқанды екі жаққа, яғни әйелдер қауымына бөлек, ерлер қауымына бөлек жаятын.

Яғни, әйелдер мен ер адамдардың бөлек отыруы – мұсылмандардың әлімсақтан бері бұзылмай келе жатқан дәстүрін біз бүгінде орындамақ түгілі, солай болғанын да есімізден әлдеқашан шығарып тастадық. Алайда, Иран жерінде тұратын қазағымыз сол дәстүрді бұлжытпай сақтап келеді. Видеода шет елдегі қандастарымыздың сәл ғана өзге ұлттың әдет-ғұрпын қосқанымен, жалпы тілін, ділін, салты мен мәдениетін ұмытпай жүргеніне тек қуанамыз.

Гүлниса Алдажар

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
7 лет назад 3379
0 комментариев
О блоге