Интернаттағы мүгедек балаларды күні бойы көндігу көйлегін кигізіп, байлап ұстаған (видео)
Интернаттағы мүгедек балаларды күні бойы көндігу көйлегін кигізіп, байлап ұстаған (видео)

Жататын уақытқа дейін орнынан қозмалған баланың тек көзі жәутеңдеп біресе терезеге, біресе есікке қарап отырады. Бұл жайында aikyn.kz ақпарат көзінің тілшісі Назгүл Ержанқызы хабар таратты. 

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты қатыгездікті медициналық-әлеуметтік орталықтардағы «Қамқорлық» қорының мамандары анықтады.

Олар мектеп-интернаттарды тексеруге барып, қызметкерлер балалардың дәрменсіздігін асыра пайдаланғанын көрді.  Тәрбиешілер мүгедек балаларға  көндігу көйлегін кигізіп, күні бойына сонымен қалдырады екен.

«Балалардың мазасыздануын сылтауратқан тәрбиешілер оларды жаялықпен таңып байлап тастайды.  Сөйтіп, оларды күні бойы сол күйде қалдырады екен. Міне, тағы бір баланың күні осылай басталды. Арбаға таңылған балаға көндігу көйлегін кигізіп қойған, қозғалмас үшін жаялықпен байлап тастаған. Жататын уақытқа дейін ол  осы қалыпта отырады. Тек көзі жәутеңдеп біресе терезеге, біресе есікке қарап отыр», – деді «Қамқорлық» қорының жетекшісі Динара Закиева.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұндай мәселенің барын мойындады. Мұндай жағдайдың біріншіден мамандардың біліктігінің төмендігінен болса, екіншіден –  тәрбиешілер мен күтушілердің жалақысының аздығы.

«Біз қазір әлеуметтік қызметтер жүйесін жандандырып, жаңа жоспарын әзірлеудеміз. Оған негіз ретінде қызметкердің жүйелі түрді білім алуы. Ол білім өмір бойы оқытылады. Ал екіншіден қаржылық жағын қамтып, жалақыларын көтеруі қарастырылады», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ерлан Әукенов.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
4 года назад 2783
0 комментариев
О блоге