Ғалымдар әйелдердің неліктен әскер қатарына бармау керектігін анықтады
Ғалымдар әйелдердің неліктен әскер қатарына бармау керектігін анықтады

Әйелдер мен әскери өмір бір-біріне еш үйлеспейді. Ирак пен Ауғанстанда әскери өмірдің дәмін татып келген әйелдердің жағдайын талдап, зерттеген америкалық ғалымдар осындай шешімге келген.

Бұл туралы nz1.ruхабарлайды.

Мамандардың айтуынша, АҚШ әскери саласында қызмет етіп әскери қимылдарға қатысқан 42 397 әйелдерде еркектерге қарағанда мінез-құлық мәселесі бойынша бірқатар проблемалар туындаған. Әскери әйелдер жарақаттан кейінгі әсерден, депрессияда және ішкіліктен зардап шегетін болған.

Сондай-ақ, қарапайым әйелдерге қарағанда әскер қатарында еңбек еткен әйелдерде жүйке жүйесінің бұзылуы да 20 есе көп кездескен. Ғалымдар, өмірін әскери саламен байланыстырғысы келген әйелдер өзінің денсаулығы мен жүйкесінің беріктігі туралы жақсылап ойланып алуы тиіс дейді.

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 лет назад 3725
0 комментариев
О блоге