Дәрігер баланы бесікке бөлеудің зияны мен пайдасын айтып берді
Дәрігер баланы бесікке бөлеудің зияны мен пайдасын айтып берді

Бесік - жылдар бойы атадан балаға беріліп отырған киелі мұралардың бірі. Осыдан-ақ, бесіктің қазақ халқы үшін қастерлі әрі қасиетті мұра екенін байқауға болады. Бесік жыры балаға берілетін алғашқы тәрбие деген сөз бекерден емес. Бірақ, бүгінде сәбиін бесікке бөлейтіндер аздап кездесетіні рас. Себебі, соңғы кездері бесіктің пайдасынан гөрі зияны көп дейтіндер аз емес. Осыған дейін қазақстандық педиатр-дәрігерлер бесіктің денсаулыққа қауіп төндіретінін тұжырымдап, баланы бесікке бөлемеуге кеңес берген де жағдайлары болған.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, бесікте қысылып жатқан баланың ішкі органдары зақымданып, қан айналымы дұрыс жүрмей, бұлшықет тонусына кері әсерін тигізеді-мыс. Алайда, отбасы дәрігері, педиатр Ботагөз Жампозова медициналық тұрғыдан баланы бесікке бөлеудің пайдасы жетерлік екенін айтады. Осы ретте маман Tengrinews.kz тілшісіне расында бесікке бөлеу баланың денсаулығына қалай әсер ететіні және оның зияны бар-жоғын айтып берді.

Дәрігердің айтуынша, бірінші кезекте бесікте жатқан сәбидің жүйке жүйесі бірқалыпты болады.

"Бесіктің құрылымы балаға гигиеналық тәрбие беруге лайықталған әрі алып жүруге жеңіл, ықшам және берік. Ол баланың тазалығына өте қолайлы. Өйткені, арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға қалай қолайлы болса,  баланың өзінің де денінің сау болып өсуіне тиімді", - дейді Жампозова.

© Tengrinews.kz

Сондай-ақ, педиатр бесікке салынған баланың ми қыртысы қызметінің жақсаратынын айтады. Бесікке тербелген баланың миындағы сұйықтық түтікшелер арқылы жақсы жүреді екен.

"Медициналық тұрғыдан қарағанда, бала ұйқысы қанбаған баланың зердесі толықтай жетілмейді. Ал бесікке бөленбеген баланың ұйқысы тыныш болмайтыны анық. Одан бала мазасыз болады. Оның мазасыздығы анасының психологиясына тікелей әсер етеді. Содан ол эмоциялар сүт арқылы сәбиге беріледі де, бала өскенде шыдамсыздау болады", - дейді Жампозова. 

© aqsaqaldar.kz

Дәрігердің айтуынша, баланы бесіктен шешкен кезде ол рахаттанады, яғни, сәбидің денесінің әр түрлі күйде болуы оны жаттықтырады.  Ал бесіктің зиянды тұстары жайлы сұраққа маман былай деп жауап берді: "Бесікке бөлеудің зиянды тұстарына тоқталсақ, онда баланың денесі демалмайды, кейде бала денсаулығына қауіп төндіреді. Өкінішке қарай, бесіктегі баланың қан айналымы дұрыс болмай, басы үлкейіп, аяқ буындарына зақым келуі мүмкін", - дейді Жампозова.

Молдир Калыкова

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
6 лет назад 3232
0 комментариев
О блоге