Дәмі тіл үйіретін “майсөк” тағамының қалай жасалатынын білесіз бе?
Дәмі тіл үйіретін “майсөк” тағамының қалай жасалатынын білесіз бе?

Тары көптеген ауруға ем. Одан дастарханның сәнін кіргізетін бірнеше тағам жасауға болады. Солардың бірі – майсөк.

Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

Тары дақылының тағамдық құнары мен түрлі емге тигізер пайдасы зор. Ертеде емшілер ұзаққа созылған дерттен әлсіреген адамды ашыған тары көжесімен емдеп жазатын болған. Оның құрамында жүйке жүйесін тынышталдыратын, бойға күш-қуат беретін В тобындағы дәрумен бар. Тарыдан жасалатын тойымды тағамның бірі – майсөк. Кей жерлерде “майтары” деп те атайды. Кезінде үлкен кісілер қойдың шыжғырылған құйрық майына тары салып, қуырып жасаған. Бүгінде оның жасалу тәсілі басқаша.

“Қазақта ұлттық тағамдар өте көп. Оның көпшілігі Қазақстанның бүкіл облыстарында қолданылады. Майсөкті бұрынғы ата-балаларымыз күнделікті жейтін болған. Әсіресе, Ораза кезінде сәресіге жеген. Осының арқасында олар тоқ жүрген. Әдетте үлкен кісілер қайтыс болған кезде дастарханға осы майсөкті міндетті түрде қояды”, – дейді Райхан апа.

Майсөк әзірлеуге қажетті азық-түлік:

– тары;
– сары май;
– қайнаған су;
– қант.

Тарыны ыдысқа салып, үстіне қайнаған суды құямыз. Артынша осы күйінде 40 минутқа қалдырамыз. Кейін таза ыдысқа салып, жақсылап кептіреміз. Дайын болған сөгімізге май мен қант қосып араластырамыз. Осымен майсөгіміз дайын. Астарыңыз дәмді болсын! 

Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ
8 лет назад 6225
0 комментариев
О блоге